Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Татулық – қастер тұтар құндылық - АРҚА АЖАРЫ

Татулық – қастер тұтар құндылық

 Талай ұлттың басына қара бұлт үйірілген саяси қуғын-сүргін жылдары Қазақстанға күштеп қоныс аударылған  көп ұлттың бірі –  поляктар еді.  Аумалы-төкпелі кезеңнен бауырмал қазақ халқының арқасында аман өткен біз бүгінде осы бір қасиетті топырақта ұрпақ өрбітіп, тереңге тамыр жайып отырмыз.

  Балапан  басына, тұрымтай  тұсына кеткен заманда  дәстүрімізді дәріптеу былай тұрсын,  ел қатарына қосылып кетудің өзі мұң болды. Бірақ, пейілі даладай дархан қазақ барын бізбен бөлісіп, аштан құлап, жадап-жүдеуімізге жол берген жоқ. Біздің бүгінгі қамсыз күніміз сол кешегі ата-әжелерімізге көрсетілген риясыз қамқорлықтың арқасы.
Осы өлкеге шоғырланған поляктар  2000-ыншы жылдарға дейін қауымдастық ретінде бірігіп, салт-дәстүрлерін дамытып келсе, сол жылдардан бастап, ресми түрде аталған бірлестік құрыла бастады.  Алғашында әрине, әдістемелік тұрғыдан аздап қиындау болғаны рас. Алайда, уақыт өте келе бәрін де меңгеріп алдық. Өзім  балабақшада әдіскер болып жұмыс істеймін. Бастапқыда аға буынның бұл істі қалай үйлестіргенін көріп, үйреніп жүрдім. Кейін сол көпшілік сенім артып,    төрайымдылыққа сайлады. Қазір  аудандағы поляк мәдени орталығына жетекшілік етіп келемін.
Бірлестіктің өңірдегі достықты нығайтуға өзіндік үлес қосып келе жатқандығын аймақта өтер түрлі мәдени шараларға қатысуымыз бен біздегі өнер ұжымдарының одан жүлделі орындарға ие болып келе жатқандығы дәлел бола алады. Өзара татулықты нығайтуға жергілікті жерде өзіміз өткізер шаралар да сеп болуда. Әсіресе, біз үшін мамыр айы аса қастерлі саналады. Себебі, мерекенің көбі дәл осы айда.  Қазақстан халқының бірлігі, полония мейрамын,  Польша Конституциясы күнін, Ұлы Жеңіс мерекесін, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтеміз. Рождество, Пасха сынды діни мейрамдарымыздың да орны бір бөлек. Мұның барлығы да бізді жақындастырады, достығымызды нығайтады.
Біздегі «Полония» мен «Стокротки» ансамбльдері жыл сайын республикалық деңгейде өтетін поляк әндерінің фестивалінде жүлделі орындарға ие болып жүр. Янина Сикорская есімді тағы бір қызымыз болса, мәнерлеп өлең оқудан республикалық байқауға қатысып, халықаралық доданың үшінші орын жүлдегері атанды. Ол да біздің орталықтың ортақ жетістігі болса керек.
Бұдан басқа, біз балаларымыздың өз ана тілін ұмытпағандығын қалаймыз.  Ол үшін тұрақты түрде тіл курстары жүргізіледі. Осы орайда, Польшадан арнайы ұстаз келіп,   Камышенко, Лозовой, Первомайка ауылдарының балаларына тіл үйретіп жүргендігін атап өтпеске болмас.  Тіл меңгеруге ықыластылар санының артқандығы, ата-аналардың болсын, балалардың болсын, бұл іске ден қоя бастағандығы бізді қуантпай қоймайды.  
Тарихи Отанымызбен байланыс мұнымен шектеліп қалған жоқ.  Жастарымыз Польшаға оқуға барып, сол жақта білімдерін жетілдіріп жатады. Оның басым көпшілігі бүгінде елге оралып, әр салада еңбек етуде. Бұл ұлттық мәдениетімізді дамытып, жан-жақты кемелдену бағытында жасалып жатқан істердің бір парасы ғана. Алда бізді әлі қыруар жұмыстар күтіп тұр. Ендеше, Ассамблея жылы осы тұрғыда бізге тың серпін беріп, жұмысымызды бұдан да жандандыра түсуге сеп болады деген үміттеміз.

Руслана СНЕГУРСКАЯ,
«Полония» поляк ұлттық мәдени
орталығының төрайымы.

Первомайка ауылы,
Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар