Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басымдықтарды ұтымды пайдалануда - АРҚА АЖАРЫ

Басымдықтарды ұтымды пайдалануда

Кәсіпкерліктің дамуы – экономиканың үдемелі  өркендеуіне бастайтын тура жол. Бұл нарықтық қатынастарды алға жетелейді. Осы орайда, кәсіпкерлерді қолдау үшін көптеген мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесі көңіл көншітерліктей.

Аудан бойынша мыңнан аса шағын және орта кәсіпорындар  жұмыс істеп келеді. Ағымдағы жылы  27 орта бизнес субъектілері тіркеліп,  тұрақты 30 жұмыс орны ашылды. Бұл халықты жұмыспен қамтамасыз етуге өзіндік үлес қосып, тұрғындарға көрсетілетін қызмет саны мен сапасын арттыра түсті.
Серіктестіктердің көбеюі барлық салаларға  оң ықпал етуде.  Мәселен,  ағымдағы жылдың басында бөлшек сауда айналымы  514 миллион теңгені құрады. Бұл  2014 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда  108,8 пайызға көбейгенін көрсетіп отыр. Серіктестіктер де өнім көлемін көбейтіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Атап айтар болсақ, жауапкершілігі шектеулі
«Колутон-95» серіктестігі ағымдағы жылдың ақпан, сәуір айларында 12406 тонна өнім шығарып, өткен жылғы көрсеткіштен 1284 тоннаға артық өндірген. Ал, «АПП Астрахан құсы» төрт айдың ішінде 520 тонна ет өндіріп үлгерген. Әрі 85 мың басқа арналған екі жасушалық құрал-жабдықтар кешені орнатылып, балапандарды арнайы өсіру жұмысы қолға алыныпты. Жауапкершілігі шектеулі «Esil Gold Company» серіктестігі  кеншарларды тазартып,  кәсіпорын аумағын толықтай қоршап қойған. Оған қоса, барлық құрал-жабдықтар тексерістен өтіп, қалпына келтірілді. Контейнерлерді жайлы тұрғын үй қылып, жылу қазандықтары орнатылған.
Ауданда инфрақұрылымдарды дамыту мақсатында инвесторларды тарту жұмысы жүргізіліп келеді. «KGroup of Companies» серіктестігі «Eurasia Cooper» кәсіпорнының инвесторларымен келісім-шартқа қол қойды.
Инвесторлар техника бөлшектерін сатып алып, жатақхана мен құрылғыларды күрделі жөндеуден өткізді. Мұнда
инвестиция көлемі 11 миллион теңге болды.

 Қайыр ЖҰМАҚАЕВ,
 Астрахан аудандық кәсіпкерлік және
өнеркәсіп бөлімінің басшысы.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар