Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты балалық» жобасы аясында «Мектепке жол» атты акциясының салтанатты басталу рәсіміне қатысты.
Бұл науқанға Ақмола облыстық және Көкшетау қалалық мәслихаттарының депутаттары да қатысып, әрқайсысы тұрмысы төмен отбасыларының мектепке баратын балаларына өз қаржылары есебінен нақтылы көмектер көрсетті. Халық қалаулылары бір күнде 49 оқушыға 1 миллион теңгеге жуық арнайы сертификаттар тапсырды. Сенатор Жабал Ерғалиевтің қаржылай сертификаты Көкшетау қаласындағы №21 орта мектебінде оқитын қыз балаға берілді.
– Бүгінгі күні біздің әрқайсымыздың өз айналамыздағыларға қайырымды да мейірімді болуымыздың қажеттілігін айтып та, соның тамаша үлгісін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жеке өнегесімен көрсетіп те келеді. «Нұр Отанның» мектепке баратын балаларға қамқорлық жасау жөніндегі бұл бастамасының тұтас ел бойынша кеңінен қолдау табарына сенімдімін. Өйткені, баланы қуанту, балаға жақсылық жасау сауапты істердің бірі ғой, – деді сенатор Жабал Ерғалиев өз сөзінде.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.