Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Олқылықтың орны қашан толар екен? - АРҚА АЖАРЫ

Олқылықтың орны қашан толар екен?

Көкшетау қалалық əкімдігінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жанындағы қоғамдық кеңесінің  отырысы болып өтті.

Аталған департамент басшысының орынбасары Қуаныш Жапақовтың төрағалығымен өткен қоғамдық кеңес отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» атты бағдарламасындағы кəсіби мемлекеттік аппарат құру мəселесі кеңінен сөз болды. Мемлекеттік қызметшіге еңбекақы төлеудің факторлы-балдық жүйесін енгізу, жемқорлық əрекеттер мен олардың алдын алуға арналған іс-шаралар туралы баяндамалар тыңдалды. Тексерістер нəтижесі жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысты тоқсан қылмыстық іс орын алғанын көрсетіп отыр. Соның жиырма бірі пара алумен байланысты заң бұзушылықтар. Бүгінгі таңда кінəлі тұлғалардың барлығына қатысты қылмыстық іс қозғалып, қомақты сомада айыппұл салынғанын қоғамдық кеңес барысында аталған департаменттің бөлім басшысы Жанайдар Рамазанов мəлімдеді. Мемлекеттің пайдасына өндіріліп алуға тиіс айыппұлдың жалпы сомасы 54 миллион теңгені құрайды. Осы орайда, департамент басшысының орынбасары Қуаныш Жапақов қаншама іс-шаралар жасалғанымен, елдің сорына айналған жемқорлықтың əлі де орын алып отырғанына алаңдаушылық білдіріп, алдағы уақытта бұл кеселдің бетін қайтаруға бұрынғыдан да  қуатты бағдарлама қабылданатынын жеткізді.
Мемлекеттік қызметте жиі орын алатын тағы бір олқылық – тұрғындардан келіп түсетін өтініш хаттарға уақытылы жауап берілмеуі  болып табылады. Он күннің ішінде қаралуы тиіс хаттарға тек мерзімі өткеннен кейін ғана жауап əзірленген оқиғалар əсіресе, облыс аудандарында көптеп кездеседі. Облыс əкімі аппаратының бөлім басшысы Данагүл Таласованың келтіріп өткен мəліметтері соны айғақтайды. Атбасар, Бұланды, Аршалы аудандары мен Степногорск қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жəне автомобиль жолдары бөлімдерінде аталған заң бұзушылықтар тіркелген. Олардың барлығы
бойынша осы аудандардың əкімдеріне ұсыныс-хаттар жолданып, тиісті шаралардың қолданылуы қатаң қадағаланатын болады.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар