Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«100 нақты қадам» мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін қалыптастыруға бағытталған - АРҚА АЖАРЫ

«100 нақты қадам» мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін қалыптастыруға бағытталған

 Түбегейлі және ауқымды өзгертулер енгізуге бағытталған «100 нақты қадам» аясындағы реформаларды жүзеге асыру  мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін қалыптастыру мен халыққа адал және тиімді қызмет етуге бағдар алған мемлекеттік аппарат құруды көздеп отыр.

100 нақты қадам халықтың арман-аңсарын танытады. Ол қадамдар халықтың және әрбір қазақстандықтың мүддесіне сай келеді. Бұл құжатта кәсіби мемлекеттік аппарат құру міндеті бірінші орынға қойылған.
Әрбір қазақстандық өзінің мамандығында, өзінің жұмыс орнында, өзінің қоғамдық өмірінде бүкіл елмен бірге осы маңызды 100 қадамды жасауы тиіс. Ұлт жоспары мемлекеттік қызметкерлерге жауапкершіліктің жаңа жүгін артады. Ендігі жерде мемлекеттік аппаратта жұмыс істейтін әрбір адам Президенттің «100 қадамын» орындауының өзіндік нақты сегментіне жеке жауап береді. Әрбір мемлекеттік қыз¬мет¬кер өзінің нақты жұмыс учаскесінде жеке басы не істеді деген сұ¬раққа кез келген уақытта нақпа-нақ жауап беруге дайын тұруы тиіс.
Мемлекеттік кәсіби аппарат құруға көзқарастың маңызын екі негізгі мақсат айқындайды.
Біріншіден, біз, мемлекет басқаруға, халыққа адал қызмет ету құндылықтарын жақтайтын ең қабілетті мамандарды тартуға мүмкіндік туғызатын меритократия қағидатын ұстануымыз қажет. Бұл үшін кадрларды іріктейтін жаңа тетік қолданылатын болады.
Мемлекеттік қызметке алғашқы рет орналасқан тұлғалар оны төмен лауазымдардан бастайды.  Оларға міндетті сынақ мерзімі белгіленеді. Қызмет сатысы бойынша әрі қарай өсуі тек қана конкурстық негізде орындалатын болады. Бұл мемлекеттік қызметтің маңсаптық моделіне көшуге мүмкіндік туғызады, адам өзінің кәсіби жарамдылығы мен жоғары жеке әлеуетін ұдайы дәлелдей отырып, қызмет сатысы бойынша көтерілетін болады.
Ұлт жоспарында көрсетілген екінші мақсат – бұл мемлекеттік қызметтегі уәждеме деңгейін едәуір арттыру. Маңсаптық және кәсіби  жоғарылату үшін жағдай жасау – осы мақсатқа жету тетігінің негізгі буыны болып табылады. Мұндай кепілдіктерді заң жүзінде бекіту және мемлекеттік қызметшілердің мүдделерін қорғау, үздіксіз оқу және қолайлы жұмыс ортасының тиімді жүйесін жасақтау, басқа шаралар халыққа қызмет етуге таңдау жасағандардың уәждемені күшейту негізіне жатады.
Сонымен қатар, Ұлттық комиссия деңгейінде Президенттің тапсырмаларын орындау үшін, мемлекеттік қызметшілердің материалдық ынталандыру мәселелері қаралған.
Осының шеңберінде келесі жылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесі ендірілмек, ол мемлекеттік қызметшінің нәтижеге қосқан үлесіне сәйкес факторлы-баллдық меже негізінде жүргізілетін болады. Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі лауазымдар иерархиясымен қоса, қызметшілердің нақты жүктемелерін және мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне жетуге қосқан үлесін есепке алуды көздейді. Бұл әдістемені ендіру еңбекақы төлеуде әділдік қағидатын орнатады, себебі еңбекақы мөлшері мен лауазымның мекеме үшін маңызын байланыстыру мүмкіндігін туғызады.
Мемлекеттік қызметтің Жаңа этика кодексі әзірленетін болады, ол лауазымды адамдардың қызмет бабында ғана емес, сонымен қоса күнделікті тұрмыстағы  мінез-құлықтарының стандарттарын айқындап береді. Кодекс талаптарының сақталуын қадағалайтын этика бойынша уәкілдер институты енгізілмек. Жауапты лауазымды адамдардың және мемлекеттік органдар басшыларының этика нормаларын бұзғаны үшін  заң жүзінде тәртіптік және әкімшілік жауапкершілік белгіленетін болады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөнінде айтатын болсақ, Мемлекет басшысының саясатына сәйкес Агенттік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған адамдардың лауазымы мен мәртебесіне қарамастан, жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету жөнінде жүйелі шараларды қолдануда. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықты ескерту және оның алдын алу бойынша жұмыстың күшейтілуіне көп назар аударылады.
Сыбайлас жемқорлықтың себептерін және жағдайын анықтау мен жою – біздің жұмысымыздың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.
Белгіленген мақсаттарды жүзеге асыру бағдарламалардың сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз ететін  кәсіби мемлекеттік аппаратты жасақтау үшін қажетті жағдай жасайды. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жылдамдығы, көбінесе дұрыс басқарушылық шешімдерден тәуелді, өйткені  мемлекеттік қызмет – еліміздің серпінді дамуының елеулі құрамдас бөлігі.
Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттау өткізілмек. Ол қызметшілердің кәсіби құзыреттілік пен жеке қасиеттер деңгейін жаңа талаптарына сәйкестігін анықтау қажеттілігімен негізделген және реформа жағдайында мемлекеттік аппаратының кадрлық әлеуетін  әділдікпен бағалап, тиімді пайдалануға жәрдемдеседі. Бұл өз күшіне сенетін және мансапқа жетуге талпыныс білдіретін адамдарға жақсы мүмкіндік, өйткені алдағы аттестаттаудың негізгі мақсаттардың бірі жоғары жеке әлеуеті бар ең қабілетті мамандарды іздеу болып табылады. Оның нәтижелерінің негізінде жеке жұмыстың жоспарларына, оқыту және біліктілікті арттыру бағдарламаларына түзету енгізіледі.
Жалпы алғанда аталған шаралар өз кезегінде үздік халықаралық тәжірибеге сай кәсіби мемлекеттік аппарат құруға ықпал жасайды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Н. Исақов.

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE

Түбегейлі және ауқымды өзгертулер енгізуге бағытталған «100 нақты қадам» аясындағы реформаларды жүзеге асыру  мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін қалыптастыру мен халыққа адал және тиімді қызмет етуге бағдар алған мемлекеттік аппарат құруды көздеп отыр.

100 нақты қадам халықтың арман-аңсарын танытады. Ол қадамдар халықтың және әрбір қазақстандықтың мүддесіне сай келеді. Бұл құжатта кәсіби мемлекеттік аппарат құру міндеті бірінші орынға қойылған.

Әрбір қазақстандық өзінің мамандығында, өзінің жұмыс орнында, өзінің қоғамдық өмірінде бүкіл елмен бірге осы маңызды 100 қадамды жасауы тиіс. Ұлт жоспары мемлекеттік қызметкерлерге жауапкершіліктің жаңа жүгін артады. Ендігі жерде мемлекеттік аппаратта жұмыс істейтін әрбір адам Президенттің «100 қадамын» орындауының өзіндік нақты сегментіне жеке жауап береді. Әрбір мемлекеттік қыз­мет­кер өзінің нақты жұмыс учаскесінде жеке басы не істеді деген сұ­раққа кез келген уақытта нақпа-нақ жауап беруге дайын тұруы тиіс.

Мемлекеттік кәсіби аппарат құруға көзқарастың маңызын екі негізгі мақсат айқындайды.

Біріншіден, біз, мемлекет басқаруға, халыққа адал қызмет ету құндылықтарын жақтайтын ең қабілетті мамандарды тартуға мүмкіндік туғызатын меритократия қағидатын ұстануымыз қажет. Бұл үшін кадрларды іріктейтін жаңа тетік қолданылатын болады.

Мемлекеттік қызметке алғашқы рет орналасқан тұлғалар оны төмен лауазымдардан бастайды.  Оларға міндетті сынақ мерзімі белгіленеді. Қызмет сатысы бойынша әрі қарай өсуі тек қана конкурстық негізде орындалатын болады. Бұл мемлекеттік қызметтің маңсаптық моделіне көшуге мүмкіндік туғызады, адам өзінің кәсіби жарамдылығы мен жоғары жеке әлеуетін ұдайы дәлелдей отырып, қызмет сатысы бойынша көтерілетін болады.

Ұлт жоспарында көрсетілген екінші мақсат – бұл мемлекеттік қызметтегі уәждеме деңгейін едәуір арттыру. Маңсаптық және кәсіби  жоғарылату үшін жағдай жасау – осы мақсатқа жету тетігінің негізгі буыны болып табылады. Мұндай кепілдіктерді заң жүзінде бекіту және мемлекеттік қызметшілердің мүдделерін қорғау, үздіксіз оқу және қолайлы жұмыс ортасының тиімді жүйесін жасақтау, басқа шаралар халыққа қызмет етуге таңдау жасағандардың уәждемені күшейту негізіне жатады.

Сонымен қатар, Ұлттық комиссия деңгейінде Президенттің тапсырмаларын орындау үшін, мемлекеттік қызметшілердің материалдық ынталандыру мәселелері қаралған.

Осының шеңберінде келесі жылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесі ендірілмек, ол мемлекеттік қызметшінің нәтижеге қосқан үлесіне сәйкес факторлы-баллдық меже негізінде жүргізілетін болады. Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі лауазымдар иерархиясымен қоса, қызметшілердің нақты жүктемелерін және мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне жетуге қосқан үлесін есепке алуды көздейді. Бұл әдістемені ендіру еңбекақы төлеуде әділдік қағидатын орнатады, себебі еңбекақы мөлшері мен лауазымның мекеме үшін маңызын байланыстыру мүмкіндігін туғызады.

Мемлекеттік қызметтің Жаңа этика кодексі әзірленетін болады, ол лауазымды адамдардың қызмет бабында ғана емес, сонымен қоса күнделікті тұрмыстағы  мінез-құлықтарының стандарттарын айқындап береді. Кодекс талаптарының сақталуын қадағалайтын этика бойынша уәкілдер институты енгізілмек. Жауапты лауазымды адамдардың және мемлекеттік органдар басшыларының этика нормаларын бұзғаны үшін  заң жүзінде тәртіптік және әкімшілік жауапкершілік белгіленетін болады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөнінде айтатын болсақ, Мемлекет басшысының саясатына сәйкес Агенттік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған адамдардың лауазымы мен мәртебесіне қарамастан, жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету жөнінде жүйелі шараларды қолдануда. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықты ескерту және оның алдын алу бойынша жұмыстың күшейтілуіне көп назар аударылады.

Сыбайлас жемқорлықтың себептерін және жағдайын анықтау мен жою – біздің жұмысымыздың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

Белгіленген мақсаттарды жүзеге асыру бағдарламалардың сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз ететін  кәсіби мемлекеттік аппаратты жасақтау үшін қажетті жағдай жасайды. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жылдамдығы, көбінесе дұрыс басқарушылық шешімдерден тәуелді, өйткені  мемлекеттік қызмет – еліміздің серпінді дамуының елеулі құрамдас бөлігі.

Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттау өткізілмек. Ол қызметшілердің кәсіби құзыреттілік пен жеке қасиеттер деңгейін жаңа талаптарына сәйкестігін анықтау қажеттілігімен негізделген және реформа жағдайында мемлекеттік аппаратының кадрлық әлеуетін  әділдікпен бағалап, тиімді пайдалануға жәрдемдеседі. Бұл өз күшіне сенетін және мансапқа жетуге талпыныс білдіретін адамдарға жақсы мүмкіндік, өйткені алдағы аттестаттаудың негізгі мақсаттардың бірі жоғары жеке әлеуеті бар ең қабілетті мамандарды іздеу болып табылады. Оның нәтижелерінің негізінде жеке жұмыстың жоспарларына, оқыту және біліктілікті арттыру бағдарламаларына түзету енгізіледі.

Жалпы алғанда аталған шаралар өз кезегінде үздік халықаралық тәжірибеге сай кәсіби мемлекеттік аппарат құруға ықпал жасайды.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Н. Исақов

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар