Сессия барысында Алматы қаласының жаңа әкімі Бауыржан Байбектің кандидатурасы депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты.
Мемлекет басшысы сондай-ақ, қала активімен кездесіп, жаңа басшыны таныстырды және мегаполистің бұдан әрі даму бағыттарын айқындады.
Елбасы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшылығына тағайындалған Ахметжан Есімовтің Алматы қаласының әкімі лауазымында үлкен жұмыс атқарғанын атап өтті.