Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Президенті Рүстем Назымбекұлы ХАМЗИН: - АРҚА АЖАРЫ

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Президенті Рүстем Назымбекұлы ХАМЗИН:

«Әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық және коммуникациялық технологиялардағы
техникалық инновациялар»

  Еліміздегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара тиімді ақпараттық байланысқа мүмкіндік берді және www.egov.kz веб-порталын құру (бұдан әрі – Электронды үкімет порталы) идеясын 2004 жылдың 19 наурызында дәстүрлі жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті-Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев айтқан болатын. Осы уақыт ішінде идеяның айтылуынан оның іске асырылуына дейін – Қазақстан Республикасында жобаның қалыптасуы мен дамуының төрт кезеңі өтті және қазіргі таңда Қазақстанның кез-келген азаматына Электронды үкімет порталы электронды түрдегі мемлекеттік қызметтер туралы әртүрлі және өзекті ақпараттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін электронды құжат айналысының кешенді жүйесін білдіреді. Қазіргі таңда Электронды үкімет порталында қолданылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы техникалық инновациялар коммуникациялық шығындарды едәуір төмендетті.
Қазақстандағы қолданыстағы міндетті әлеуметтік сақтандыру еңбек ету қабілетінен айырылған; асыраушысынан айырылған; жұмысынан айырылған; жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік қамсыздандырудың осы түрін жүзеге асыру үшін 2003 жылы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңы қабылданды.
Алайда, еліміздің кейбір азаматтары құжаттар жинау, мемлекеттік органдардағы салғырттық кідірістер, кезек күту үшін уақытын жоғалту сияқты т.б. жұмыстардың орын алуынан әлі де сақтанады.
Расында да, осыдан аз уақыт бұрын «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру» АҚ (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік төлемдер алу үшін өтініш беруші жүгінген жағдайда 15 жұмыс күні ішінде алушының «қағаз» түріндегі істер макеті жасалатын.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына әлеуметтік төлемдер тағайындау процесін автоматтандыру және көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту үшін 2005 жылы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықта (бұдан әрі – ЗТМО) үнемі жетілдіріліп отыратын, «Әлеуметтік сақтандыру» ақпараттық жүйесі әзірленіп енгізілді.
 «Әлеуметтік сақтандыру» ақпараттық жүйесі қазіргі уақытта Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық құрылымдық бөлімшелері мен ЗТМО-ның облыстық және аудандық филиалдарының арасындағы әлеуметтік төлемдер тағайындау кезінде қолданылады. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комиетінің аумақтық құрылымдық бөлімшелерінің арасындағы өзара қызмет ЗТМО бірыңғай деректер базасы арқылы жүзеге асырылады, бұл уақыт жоғалтуға байланыс-
ты шығындарды біршама қысқартты. «Әлеумет» АЖ қолдану әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін құжаттар қаралатын 15 күн мерзімді
8 жұмыс күніне дейін мерзімге қысқартты.
Қазіргі уақытта, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық технологиялардың дамуымен, 2014 жылдан бастап азаматтар Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық арқылы ғана емес, сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚО) арқылы да қызмет алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен бірге, Электронды үкімет порталы ХҚО бронь арқылы қызмет алу мүмкіндігін де ұсынып отыр, яғни, бұрынғыдай кезек күтіп отырудың қажеттігі жоқ.
Электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық ресурстарына қол жеткізудің бірыңғай орталығы құпиялылық шартын сақтай отырып, азаматтардың мемлекеттік органдармен тұрақты түрде өзара жұмысын қамтамасыз етеді.
Енгізілген жаңа онлайн-қызметтердің қолданыстағы тәжірибесі көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасының, бірқатар қызметтерді ресімдеу жеделдігінің артқанын көрсетіп отыр.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын одан әрі арттыру үшін, 2015 жылдың 17 наурызында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік-еңбек саласындағы көрсетілетін мемлекеттік  қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заңның аясында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына да өзгерістер енгізілді.
Жаңа өзгерістерге сәйкес әлеуметтік төлем тағайындау үшін өтініш беру процесі аса ыңғайлы болды. Сонымен қатар, азаматтардың мемлекеттік қызмет алуы кезіндегі уақыттары үнемделді.  
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтар әлеуметтік төлемдердің екі түрін тағайындау үшін (жұмысынан айырылуына және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне) Электронды үкімет порталы арқылы өтініш бере алады. Әрине, бұл жұмыс істейтін аналар мен уақытша жұмыс істемейтін азаматтар үшін оң жаңалық болды.
Енді өтініш беруші жеке басын куәландыратын куәлігі болған жағдайда кез-келген ХҚО ресімдеуге болатын электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болған жағдайда Электронды үкімет порталы арқылы өтініш бере алады. ЭЦҚ электронды өтінішті және мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түскен мәліметтерді куәландыру үшін қажет. Осындай деректерді растағаннан кейін электронды өтініш және басқа да мәліметтер өтініш беруші азаматтың істері макетін қалыптастыру үшін «Әлеуметтік сақтандыру» АЖ жіберіледі.
Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда, өтініш беруші, әлеуметтік төлем тағайындау үшін ЗТМО немесе ХҚО өтініш беруге құқылы, ал 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі алғаш белгіленген жағдайда өтініш беруші мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру органдарына бармай-ақ тікелей медициналық- әлеуметтік сараптама (МӘС) жүргізетін өкілетті құрылымдық бөлімшеге  өтініш жасай алады.
Бұдан былай міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін  жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін жұмыспен қамту орталығына өтініш беруіне болады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің ақпараттық және коммуникациялық технология-лар саласына техникалық инновацияны енгізу басқа да мемлекеттік ақпараттық жүйелермен біріктіру арқасында мүмкін болды. Мысалы, «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ («ЖҚП АТО») тиімді еңбек нарығын дамыту мақсатында жұмыс жасайды. ЖҚП АТО қызметкерлері халықтың экономикалық белсенділігінің арту қарқынына, сонымен қатар, азаматтардың тұрақты және өнімді жұмыспен қамтылуына тұрақты түрде талдау жасап отырады. Жүзеге асырылған жобалардың ішінде азаматтарға жаңа жұмыс орнын іздеуге, ал, жұмыс берушілерге қажетті мамандарды табуға көмек көрсететін «Жұмыс» порталының әлеуметтік мәні зор екенін ерекше атап өтуге болады.  
Жинақталған тәжірибелерден әлеуметтік қамсыздандырудағы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы инновациялық технологиялар халықтың мемлекеттік органдармен өзара тығыз байланысын жеңілдетуге мүмкіндік берді.
Бұл жаңғыртудың басты идеясы мемлекеттік қызмет көрсетуде ашықтық пен жан-жақтылықты, мемлекеттен кепілдендірілген әлеуметтік қолдауды алуда өтініш берушінің баратын мемлекеттік органдарының санын азайтуды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл үрдістерді оңтайландыру мемлекеттік қызметшілердің жұмысының тиімділігін арттырып сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда пайдасын тигізді.
Елдегі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы, оның ішінде міндетті әлеуметтік сақтандырудағы инновациялық технологиялар біздің азаматтарымыздың қазіргі заманғы қажеттіліктерге бейімделген және әлеуметтік сақтандыру саласындағы коммуникациялық технологияларға жаңа инновацияларды енгізу және олардың жаңаруына қарай қолданыстағы ақпараттық жүйені одан әрі жетілдіру жалғастырылуда.
Егер БҰҰ «Электронды үкіметтің даму индексі» бүкіләлемдік  рейтингінде Қазақстан Республикасы 2005 жылы 68-ші орында болса, қазірде «Қазақстан-2050» даму стратегиясының бастауымен 2014 жылы 28-ші орынға көтерілді. Әрине, бұдан әрі де әлеуметтік сақтандыру саласы басым бағыттардың бірі болып қала бермек және оның одан әрі дамуы қоғам дамуының, елдің бәсекеге қабілеттілігінің және азаматтардың өмір сүру сапасы мен игілігінің тұрақтылығын арттыруға бағытталған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар