Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бос жатқан егістік жерлер игерілуі тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Бос жатқан егістік жерлер игерілуі тиіс

Облыс әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен Зеренді, Сандықтау, Атбасар, Жақсы, Есіл, Жарқайың, Егіндікөл және Астрахан аудандарында болып, астық жинау науқанына дайындық барысымен танысты.

  Жалпы биыл облыс бойынша астық түсімі жақсы болады деп күтілуде. Өткен жаңбырлы жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы ауа райы біршама  қолайлы болып, астықтың бітік шығуына себеп болуда. Бүгінде гектар берекесі 13-15 центнерден
айналуы әбден мүмкін.
Атап өту керек ағымдағы жылы егін орағына 8466 бірлік комбайн, оның ішінде 1129 шетелдік комбайн жұмылдырылатын болады. Мемлекеттік бюджеттен осы бағытқа 77,0 мың тонна көлемінде жанар-жағармайдың кепілді көлемі бөлінген.
Өзінің жұмыс сапары барысында Сергей Кулагин Зеренді ауданының жауапкершілігі шектеулі «Химик», «Зеренді Астық», «Айсельжан», «Сенім Жер», «Викторовское», Сандықтау ауданының «Жабай», «Свободное», «Максимовское» Атбасар ауданының «Полтавка-2», «Шыңғыс», «Шуйское ХХІ», «Сочинское», «Сепе», Жақсы ауданының «Труд», «Новокиенка», «Каражон», Есіл ауданының «СХП Ғарыш» және «Тургайская СХС» «Азамат-2030», «Жаңа Жер», Жарқайың ауданының «Мадияр-К», «Атай» «Баур-агро», «Дихан-4», «Интернацио-нал-Астана», «АБС Жаркол», Егіндікөл ауданының «Бауманское – 07», «Қоржынкөл-А» және Астрахан ауданының «Фермер-2002» және «Оксановка-1» серіктестіктерінің егістік алқаптарын аралап шықты. Сонымен бірге,  серіктестік басшылары мен агроном мамандардың пікірлерін тыңдап, биылғы жылы егіннің бітік шығатынын атап өтті.  
Тек Есіл ауданы алқап-тарындағы егінжайлардың ластығы мен пайдаланылмай бос жатқан жерлер облыс әкімінің сынына ілікті. Атап айтқанда, ауданның жауапкершілігі шектеулі «Жаңа Жер», «Опытная станция», «Ақ ниет», «Агрофуд» серіктестіктерінің компа-
нияларына қарасты жерлердің егінжайлары өте нашар күйде екендігі белгілі болды.
Аудан әкімі Аманбек Қалжановтың айтуынша биыл  Есіл ауданы бойынша астық дақылдары 440 мың гектар жерге егілген. Егістік алқаптың шамамен 60 пайызы қанағаттанарлық, ал қалған 40 пайызы өте жақсы жағдайда. Жоғарыда аттары аталған серіктестіктер расында да биыл қамбаға астықты ең аз құятын серіктестіктердің қатарында. Мұнда агро-техникалық талаптардың сақталмауы, серіктестіктердің егінді кеш салуы, химиялық тазартудың жүргізілмегені егіннің шығымдылығына кері әсер еткен. Жергілікті әкімдік тарапынан әрекет етуші заңнамалар шеңберінде күтім көрмеген және бос жатқан жерлер, яғни  25 мың гектар егістік, 18 мың гектар мал жайылым алқаптары анықталып, материалдар Ақмола облысы бо-
йынша жер инспекциясына шешім қабылдау үшін жолданыпты. Нәтижесі белгілі болғаннан кейін тиісті шаралар қолданылатын болады. Өңір басшысы шаруа-
герлерге алдағы егін жинау науқанына сәттілік тіледі.
Мұнан кейін облыс әкімінің сапары Есіл ауданындағы №9 жетпіс үш пәтерлі тұрғын үйді аралаумен жалғасын тапты. Нысанның құрылысын мердігер жауапкершілігі шектеулі «Электросетьстрой» серіктестігі жүзеге асырып отыр. Бұл мақсатта 399,4  миллион теңге қаржы бөлініп, оның отыз па-йызы игеріліпті. Бүгінгі таңда  бірінші қабаттың қабырғасы қалануда. Сондай-ақ,  инженерлік жүйелерді тарту жұмысы қолға алынған. Ал, №1 қырық бес пәтерлі тұрғын үйде  үшінші қабаттың қабырғасы тұрғызылып жатыр. Оған қоса,  екі қабатқа электр жүйесі жүргізіліп, терезе блоктары орнатылған. Өңір басшысы құрылыс барысын бағалап, қаншама адам сарыла күтіп отырған бұл үйдің сапасының мықты болуы маңызды екендігін атап өтті және үйлердің орындалу мерзімін сақтау қажеттігі туралы айтты. Атап өтейік, бұл нысан облыс әкімінің жеке бақылауында. Мердігер компания-лар басшыларының  айтуынша тұрғындардың алғашқы легі шамамен ағымдағы жылдың қазан және қараша айларында қоныс тойларын тойлайтын болады.  
«Арқа ажарының»
өз ақпараты.
Зеренді – Сандықтау – Атбасар – Жақсы – Есіл – Жарқайың – Егіндікөл – Астрахан аудандары.
Суреттерді түсірген Ермұрат ДОСЫМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар