Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жайлы баспана да, жұмыс та болады - АРҚА АЖАРЫ

Жайлы баспана да, жұмыс та болады

Калачи селосынан қоныс аударушыларды қабылдауға әлеуеті зор Державинск қаласында осы «ұйқылы» елді мекеннен отыз бес отбасы өздеріне жасалатын жағдаймен танысты.

Делегация мүшелерін облыс әкімінің орынбасары Қадырхан Отаров, аудан әкімі Асқарбек Үйсімбаев құшақ жая қарсы алды. Әуелі қаланың даму жоспары, аудан және қала көлеміндегі кәсіпорындардағы бос жұмыс орындары және бой көтеріп жатқан бірқатар әлеуметтік нысандар жөнінде жан-жақты баяндап берді.
Әлбетте, Калачи тұрғындары үшін өзекті мәселе тұрғын үй. Бұл ретте, Державинск қаласында құрылысы жүріп жатқан немесе жөнделіп жатқан тұрғын үйлер баршылық. Соның қатарында, «Молодежный» шағын ауданында  қайта жөндеу жұмыстары қолға алынған бес қабатты баспананы мысалға алуға болады. Бас мердігер жауапкершілігі  шектеулі «Уральскстройинвест» серіктестігі жетпіс бес пәтерлі үйді үстіміздегі жылдың қыркүйек айында пайдалануға береміз деп сендіріп отыр. Бүгінгі таңда нысан 72 пайызға дайын. Ғимараттың терезелері салынып, шатыры
ауыстырылды. Сонымен бірге, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлжан Нұрмағамбетованың сөзіне жүгінсек, Калачи селосынан қоныс аударып келетін жұмысқа жарамды азаматтардың барлығы жүз пайыз тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілмек. Жарқайың ауданы астықты өңір болған соң  механизаторларға деген сұраныс жыл санап артуда. Одан басқа, мемлекеттік органдарға да әртүрлі саланың  мамандары ауадай қажет. Қоныс аударушылардың арасында он бес ұстаз бар. Олар да жергілікті оқу орындарында мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырылады. Айта кетерлігі, өңірде әлеуметтік инфрақұрылымдардың даму деңгейі жоғары. Мәселен, Державинск қаласында 70 орындық емханасы бар аудандық орталық аурухананың құрылысы жүріп жатыр. Ал, балабақшалар мен мектептер тұрақты түрде жұмыс істейді.
 Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасары Қадырхан Отаровтың қатысуымен жүздесу өткізілді. Ол жиын барысында Калачи селосының тұрғындарын көшіру үшін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде сөз қозғап, барлығы тұрғын үй, тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілетінін тілге тиек етті. Сондай-ақ, жүргізілген сауалнама негізінде тұрғындардың қырық пайызы тұрғылықты жері бойынша тіркелмегендігі туралы жеткізді. Қазіргі таңда «ұйқылы» Калачи селосынан тұрғындардың 80 пайызы өзге елді мекендерге көшірілген. Алдағы  уақытта бұл жұмыс жалғасын таба бермек.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар