Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің спорт күнімен құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің спорт күнімен құттықтауы

Құрметті дене шынықтыру және спорт саласының қызметкерлері, спортшылар!
Қазақстан Республикасының Спорт күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Мемлекет қазақстандықтар өмірінің бөлінбес заманауи бөлшегіне айналған дене тәрбиесі мен спортты дамытуға көп көңіл бөліп келеді.
Елімізде жаңа спорттық нысандар салынуда, кешенді шаралар ұйымдастырылуда. Ауылдағы дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын жүргізер нұсқаушы-әдіскерлерге де бар жағдай жасалуда.
Жыл өткен сайын Ақмола облысы тұрғындарының басым бөлігі бұқаралық спорт және салауатты өмір салтын басты таңдауға айналдыратын болады. Бүгінгі күннің өзінде 170 мыңдай ақмолалық жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысады.
Қоғам игілігі үшін осы салада тер төгіп жүрген барша азаматтар мен  Қазақстанды әлемдік аренада мойындатушы спортшыларға шын жүректен алғысымды білдіремін.
Біздің спортшылар тек елімізде ғана танылып қоймай,  Азия, Еуропа және әлем чемпионаттарын бағындыруда. Ағымдағы жылдың  алғашқы жартыжылдығының өзінде өңір спортшылары республикалық және халықаралық жарыстардан 386 медаль иеленді.
Олардың айтулы жаһандық додаларда, құрлықтық және әлемдік  біріншіліктерде жеңіске жетуі біздің бойымызда өз еліміз үшін ерекше мақтаныш сезімін туғызады.  Кейде тіпті, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудің таптырмас құралына айналады.
Бұл күні біз бар саналы ғұмырын спортқа арнап, қазақстандық спортшылардың жаңа буынын тәрбиелеуге үлес қосқан ардагерлерге шексіз алғысымызды жеткіземіз.
Барлық дене шынықтырумен айналысушыларға, спортшыларға, жаттықтырушылар мен оқытушыларға, жанкүйерлерге зор денсаулық, табыс пен өз күштеріне деген мол сенім және жаңа жеңістер тілеймін.

 

 

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді Спорт күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ел тұрғындары үшін бұл күннің маңыздылығы қашанда жоғары. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған жыл сайынғы  жолдау-ларында дене шынықтыру мен спортқа ерекше тоқталады. Өйткені, салауатты өмір салты ұрпақ денсаулығының басты кепілі саналады.
Ақмолалықтардың спортпен шұғылданып, әркез сергек жүруі үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Осы сөзіміздің дәлелі ретінде, соңғы жылдары бой көтерген жаңа ойын алаңдарын, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін, спорт сарайларын атап өтуге болады. Бұл жаңа нысандар жастардың әлеуетіне, кәсіби дамуына жақсы әсерін тигізіп, киелі Көкше топырағынан шығып жатқан жұлдызы биік спортшыларымыз көбеюде.
Осы салаға бар ғұмырын арнаған жерлестерімізді де ұмытуға болмайды. Талай жарыстарда топ жарған  ардагер спортшылар қашанда зор құрметке лайық. Олардың жүріп өткен жолдары кейінгі жастарға таптырмас үлгі-өнеге.
Барлықтарыңызға  мықты денсаулық, ырыс-ынтымақ және спортта жаңа жетістіктер тілеймін.
Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар