Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қауырт шақ туып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Қауырт шақ туып келеді

Тірлігі астықпен біте қайнасып жатқан диқан қауымы үшін санаулы күндерден соң маңызы зор орақ  науқаны да басталады. Шешуші сәтті асыға күткен шаруалар үшін жылдың осы кезеңінің әр сәтін тиімді пайдаланудың маңызы зор.

Қыста ылғал аз түскенімен көктемгі, жазғы мол жаңбыр мен уақытылы болған ыстық биылғы егін шығымына айтарлықтай игі әсерін тигізді. Алайда, облыстың әр ауданында астық шығымы әртүрлі.  Бірқатар жерде егін бітік шыққанымен, көп жерлерде бидайдың сабағы ауа райының қолайсыздығына байланысты жауынның аздығынан бұғыңқырап қалғандай. Бірақ, бұдан жаман уақытта да жігері мұқалмаған диқан қауымы іске белсене кірісіп, бар астықты хал-қадірінше жинап алуға тырысатыны анық.  
Осы орайда, Шортанды ауданындағы Дамса селолық округіне қарасты «Сағым-Бидай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егін алқаптарынан мол өнімді аңғаруға болады. –Ендігі міндет осы бітік астықты ысырапсыз жинап, қамбаға құйып алу. Жауапты науқанға қажетті техника мен жанар-жағар майды сақадай сай әзірлеп, үлкен дайындықпен келіп отырмыз,– дейді серіктестік басшысы Рүстем Ешбаев.
Шаруашылықтың егіс алқаптарында болғанымызда биіктігі тізеден асатын биылғы егіннің сапасы жақсы екеніне де көз жеткіздік. Серіктестікте барлығы 19879 мың гектар жер бар болса, оның 16986 мың гектары егістік, 2893 мың гектары жайылымдық жерлер.
– Өткен жылы қолайсыз болғанына қарамастан диқандардың төккен маңдай тері мен озық технологияны қолданудың арқасында серіктестік  барлығы 12364 мың тонна астық алды. Биыл да сол межеден асып түспесек, кейін қалмаймыз, – дейді Рүстем Ешбаев.
Бір айта кетерлігі, серіктестік Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының іргесінде болғандықтан, жыл са-йын дән сіңірмес бұрын осындағы мамандардың ақыл-кеңесін алуға тырысуда. Әрбір қадамын ғалымдардың нұсқауы бойынша жүргізгендіктен, астық шығымы да көңіл қуантарлықтай. Орталық мамандарының алдын ала болжамы бойынша Шортанды ауданында орташа есеппен әр гектарынан 13-15 центнерден астық алынады деп күтілуде. Ел өмірінде орасан зор маңызға ие егінді орып, бастыру  сәтін білек түріп, асыға күткен диқан қауымы бұл жауапты іске бар күш-жігерін  салатыны сөзсіз.

Аслан ОСПАНОВ

Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар