Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сайлаушыларға жанашырлықпен - АРҚА АЖАРЫ

Сайлаушыларға жанашырлықпен

Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты Айгүл Соловьева облысымызда жұмыс сапарымен болып, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ғимаратында азаматтарға қоғамдық қабылдау жүргізді, одан кейін «Новопэк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Бұл шараларға партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қатысты.

  Қабылдауға келген азаматтардың көбі тұрғын үй жəне зейнетақы төлеу мəселелерін көтерді. Бірқатар зейнеткерлер дəрі-дəрмектің қымбаттығын, алатын зейнетақыларының аздығын айтып, ағынан ақтарылды.
Халық қалаулысы алдымен зейнеткер Рашида Қазбекованың өтінішін тыңдады. Қырық екі жастағы мүгедек ұлды тəрбиелеп отырған қарт ана пəтер кезегіне кеш тұрғандықтан, мемлекеттен берілетін үйді ұзақ күтетіндігін, ал, баласының денсаулығы оған дейін шыдамайтындығын айтып, депутаттан осы мəселеге қол ұшын беруін сұрады. Қабылдауда болған мүгедек жан Виктор Григорьевтің де өтініші баспана алу жайын қамтыды. Осылайша, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер енгізу қажеттігін айтқан облыс орталығының тұрғындарына Айгүл
Соловьева өтініштерін қарауға, тиісті мекемелерге хат жолдауға уəде берді. Халық қалаулысы:
– Біз депутаттар болып пəтер мəселесін көп талқыладық. Елімізде жиырма жыл үй кезегін күтіп келе жатқандар бар. Бұл проб-леманы шешіп, тұрғындарды баспанамен қамтудың басты жолы – үйлерді көптеп салу. Қазіргі таңда қалалар мен аудан орталықтарында көпқабатты тұрғын үйлер жыл санап бой көтеріп жатқандықтан, осы кедергілерді де көп ұзамай артқа тастаймыз, – деген пікірін алға тартты.
«Құлагер Көкше» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Галина Сердюкова шағын кəсіпкерлік иелеріне салынатын салықты азайтуды өтінді. Алайда, қабылдауға қатысқан салық органдарының өкілдері аталған серіктестікке салық емес, ішімдіктерді сату ережелерін  бұзғаны үшін əкімшілік жаза қолданылғанын, сол себепті оларға ешқандай көмек көрсете алмайтындығын жеткізді. Дегенмен,  мəселеге толық қанығып, келешекте кəсіпкерлік ұйымдардан түсетін салық жергілікті бюджетке құйылатынын айтқан Мəжіліс депутаты бұл сұрақты да назарда ұстаймын деп сендірді. Ал, Чернобыль оқиғасына қатысқан екінші топ мүгедегі Виктор Смитюктің магнитті резонансты томографияны кезексіз өту жайлы  мəселесін партияның облыстық филиалы шешетін болды.
Мəжіліс депутатының өңірімізге жұмыс сапары одан əрі «Новопэк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жалғасты.
Серіктестіктің бас директоры Рүстем Усмановтың айтуынша, қазіргі таңда кəсіпорын өз қызметкерлеріне арнап 320 орындық жатақхана салуда. Бұл өз кезегінде баспанасы жоқ, оның үстіне елді мекендерден келіп жұмыс істейтін жұмысшыларға зор көмегін тигізетіні сөзсіз.
«Новопэк» шығаратын қаптар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, Ресей, Қырғызстан, Тəжікстан елдерінде де зор сұранысқа ие. Алдағы уақытта тауарды Еуропаға да экспорттау жоспарда бар. Серіктестіктің атқарушы директоры Сергей Викторович пен қоғаммен байланыс жөніндегі  директор Борис Писарев меймандарға өндіріс цехтарын аралатып көрсетіп, қап шығару процесімен таныс-тырды. Халық қалаулысы Еуразиялық Одаққа мүше болған біздің ел үшін осындай кəсіпорын ауадай қажет екенін атап өтіп, ұжымның жұмысына сəттілік тіледі.

 

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар