Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бизнеске – белсенділік - АРҚА АЖАРЫ

Бизнеске – белсенділік

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьеваның қатысуымен Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасының ғимаратында қоғамдық кеңес өтіп, онда өңірде шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері сөз болды.

Сондай-ақ, шараға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, облыстық мәслихаттың депутаты Нартай Ысқақов, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен «Даму» қорының облыстық филиалының өкілдері, жергілікті кәсіпкерлер қатысты. Мәжілісте алдымен өңірде шағын және орта бизнестің дамуы сөз болды. Осы орайда, Қазақстан Респуб-ликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Көкшетаудағы бірқатар өндіріс орнында болып, алған әсерімен бөлісті. Оның айтуынша, өңірде бизнестің дамуы жаман емес көрінеді.
– Әсіресе, «Новопэк» серіктестігінің жұмысы қатты ұнады. Қазіргі заманға лайықты жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның отандық нарықта алатын орны ерекше. Тіпті, көрші Ресей нарығында да 20 пайыз  бәсекеге қабілетті. Алдағы уақытта Еуропаға шығу жоспарда бар, – деді өз сөзінде халық қалаулысы. Сонымен қатар, ол жергілікті кәсіпкерлерді толғандырып жүрген кейбір өзекті мәселелерге де құлақ түрді. Осы орайда, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Уәлихан Ғабдуллин өңірде азаматтардың жаңадан бизнес ашуы немесе барын кеңейту мақсатында қолға алынған мемлекеттік бағдарламаларға отандық банктерден гөрі екінші деңгейлі ресейлік банктер белсенділік танытып отырғанын алға тартты.
– Расында да отандық екінші деңгейлі банктер бұл тұрғыдан алғанда құлшыныс танытпай отырған жайы бар. Оған кәсіпкерлерден түскен 19 өтініштің 14-і ресейлік «Сбербанк» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы қолдау тауып отырғандығы айқын дәлел. Несие алып, бизнесін ашамын деушілерге қазақстандық банктер ақылға сыймайтын талаптар қойып, маңына да жолатпайды,– дейді Уәлихан Ғабдуллин.
Ал, облыстық мәслихаттың депутаты Нартай Ысқақовтың айтуынша, кейбір екінші деңгейлі банктер борышкерлердің ақшасын айналымға жіберіп, пайда тауып отырған көрінеді. Сондықтан, осы мәселені Парламент деңгейінде қарап, олардың жұмысының ашық әрі кәсіпкерлер үшін қолайлы болу тетіктерін қарастыру қажеттігін атап өтті.     
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар