Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Біліктілікке басымдық берілуде - АРҚА АЖАРЫ

Біліктілікке басымдық берілуде

Президентіміз  Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясының жаңа саясат курсы жарияланғаннан кейін қоғамға елдің көркін түбегейлі өзгертуге бағытталған реформалардың толық кешенін ұсынды. Ол өзінің бес институционалдық реформасында мемлекеттік аппарат қалыптастыру мәселесін айтқан болатын.

«100 нақты қадам» –  мемлекеттік дамудың және қоғам өмірінің барлық жақтарын реформалауды көздейтін 100 нақты тапсырма болып табылады. Оның алғашқы он бес қадамы мемлекеттік аппараттың біліктілігін түбегейлі арттыруға бағытталған. Бұл бөлімдерде мемлекеттік қызметті төменнен бастау ұсынылады. Яғни, мемлекеттік қызметке жаңадан  келгендер бұрынғы теңгермешілікпен  бірден лауазымы жоғары қызметке тағайындалмайды. Демек, мемлекеттік қызметке аса қабілетті және дарынды мамандарды тартуға жағдай туғызылмақ.
Бізге мемлекеттік қызметтің  мансаптық үлгісіне ауысуға мүмкіндік беріліп, мемлекеттік қызметші әрдайым өзінің кәсібилігін дәлелдеп отыратын болады. Осы мақсаттар үшін кадрды іріктеудің жаңа механизмі  енгізілмек. Қолданыстағы ауысу және «Б корпусы» кадрлық резерві тәртібімен тағайындау тетігін толығымен ыдырату жоспарлануда.
Бұдан басқа, уәждемені күшейту, жайлы жұмыс және мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау жағдайларын жасау да назардан тыс қалмайды. Шынында, кәсіптік өсу үшін жаңа мүмкіндіктер туғызу  мақсатқа жетудің негізгі алғышарттардың бірі болып табылады. Еңбекақыны төлеудің жаңа әдістерін пайдалану алдағы жылдың еншісінде.
Мемлекеттік қызметтің жаңа этика кодексі әзірленіп, ол лауазымды адамдардың қызмет бабында ғана емес, сонымен қоса күнделікті тұрмыстағы  мінез-құлықтарының стандарттарын айқындап береді. Кодекс талаптарының сақталуын қадағалайтын этика бойынша уәкілдер институты енгізілмек. Жауапты тұлғаларға және мемлекеттік органдар басшыларына этика нормаларын бұзғаны үшін  заң жүзінде тәртіптік және әкімшілік жауапкершілік белгіленетін болады.
Президентіміз бес институционалдық реформада ерекше тоқталған тағы бір жайт – елдің сорына айналған жемқорлық әрекеттер. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық сынды заң бұзушылықтардың мемлекеттік қызметшілердің имиджіне кері әсерін тигізіп жатқаны белгілі. Сондықтан, жемқорлықпен күрес қашанда біздің басты міндеттеріміздің бірі болып қала бермек. Лауазымына және мәртебесіне қарамастан, жасаған қылмысы үшін адам міндетті түрде жазалануы тиіс. Осы жайлы да аталған құжатта Мемлекет басшысы кеңінен тоқталған еді.
Сонымен бірге, жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша жұмыстарды күшейтуге  үлкен көңіл бөлінеді. Агенттіктің құрамында бейінді департамент құру туралы Ұлттық комиссияның ұсынысын Президент мақұлдады.
Меритократия қағидаты негізінде кәсіби кадрларды іріктеу мақсатында келер жылы әлеуетті басшыларды анықтау үшін мемлекеттік қызметкерлер арасында кезектен тыс кешенді аттестация өткізу жоспарлануда. Мұндай әдіс мемлекеттік аппараттың кадрлық әлеуетін әділ бағалауға және оның тиімділігін анықтауға әсер етуі тиіс. Соның нәтижесінде мемлекеттік қызметшінің жеке жұмыс жоспарына, оқыту бағдарламасына және біліктілігін арттыруына өңдеулер  енгізіледі деп күтілуде.
Келешекке жоспарланған және қазіргі таңда атқарылып жатқан барлық іс-шаралар мемлекеттік қызметке деген халық сенімін арттырады, мемлекеттік аппараттың беделін жоғарылатады деген ойдамыз.

Нұржан ИСАҚОВ,
 Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Ақмола
облысы бойынша  департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар