«Қазақстанда инфляциялық таргеттеуге негізделген және ұлттық валютаның айырбас бағамын еркіндікке жіберуді қарастыратын жаңа ақша-несие саясаты енгізіледі», – деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкіметтің селекторлық отырысында.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Үкіметі 2015 жылдың 20 тамызынан бастап, инфляциялық таргеттеу режіміне, валюталық дәлізді алып тастауға және
айырбас бағамын еркіндікке жіберуге көшуге негізделген жаңа ақша-несие саясатын жүзеге асыруға кірісу шешімін қабылдады», – деді Кәрім Мәсімов.
Сонымен бірге, Үкімет басшысы осы сәттен бастап теңгенің айырбас бағамы нарық сұранысы негізінде және іргелі ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды ескере отырып қалыптастырылатынын айтып өтті.
«Бұл айырбас бағамы әлсіреуге қарай, сондай-ақ нығаюға қарай өзгеру мүмкін екендігін білдіреді, оны әлем экономикасындағы және ішкі валюта нарығындағы жағдай анықтайды», – деді Премьер-Министр. Ол сондай-ақ, Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы деңгейін қалыптастыруға араласпайтынын, алайда елдің қаржылық жүйесінің тұрақсыздану қаупі туындаған жағдайда валюталық интервенция жүргізу арқылы ішкі валюта нарығына қатысу мүмкіншілігін өзіне қалдыратынын айтты.
Кәрім Мәсімов айтып өткендей, инфляциялық таргеттеу режіміне негізделген жаңа ақша-несие саясатын жүзеге асыру экономикалық саясаттың стратегиялық міндеттерін – отандық экономиканың ұзақ мерзімді тұрақты өсіміне қол жеткізуге, инфляцияның төмен деңгейін сақтауға, жұмыспен қамту деңгейін арттыруға және ел халқының әл-ауқатын жақсартуға жәрдемдесетін болады.
Үкімет басшысының айтуынша, Ұлттық банк нарықтағы теңге бағамының сұранысына араласпайды.
«Біз бұған ұзақ дайындалдық. Өзге елдердің тәжірибесін қарадық», – деп атап өткен Кәрім Мәсімов Австралия мен Канаданың экономикасын бағдарда ұстау керектігін айтты.«Қазақстанда инфляциялық таргеттеуге негізделген және ұлттық валютаның айырбас бағамын еркіндікке жіберуді қарастыратын жаңа ақша-несие саясаты енгізіледі», – деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкіметтің селекторлық отырысында.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Үкіметі 2015 жылдың 20 тамызынан бастап, инфляциялық таргеттеу режіміне, валюталық дәлізді алып тастауға және
айырбас бағамын еркіндікке жіберуге көшуге негізделген жаңа ақша-несие саясатын жүзеге асыруға кірісу шешімін қабылдады», – деді Кәрім Мәсімов.
Сонымен бірге, Үкімет басшысы осы сәттен бастап теңгенің айырбас бағамы нарық сұранысы негізінде және іргелі ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды ескере отырып қалыптастырылатынын айтып өтті.
«Бұл айырбас бағамы әлсіреуге қарай, сондай-ақ нығаюға қарай өзгеру мүмкін екендігін білдіреді, оны әлем экономикасындағы және ішкі валюта нарығындағы жағдай анықтайды», – деді Премьер-Министр. Ол сондай-ақ, Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы деңгейін қалыптастыруға араласпайтынын, алайда елдің қаржылық жүйесінің тұрақсыздану қаупі туындаған жағдайда валюталық интервенция жүргізу арқылы ішкі валюта нарығына қатысу мүмкіншілігін өзіне қалдыратынын айтты.
Кәрім Мәсімов айтып өткендей, инфляциялық таргеттеу режіміне негізделген жаңа ақша-несие саясатын жүзеге асыру экономикалық саясаттың стратегиялық міндеттерін – отандық экономиканың ұзақ мерзімді тұрақты өсіміне қол жеткізуге, инфляцияның төмен деңгейін сақтауға, жұмыспен қамту деңгейін арттыруға және ел халқының әл-ауқатын жақсартуға жәрдемдесетін болады.
Үкімет басшысының айтуынша, Ұлттық банк нарықтағы теңге бағамының сұранысына араласпайды.
«Біз бұған ұзақ дайындалдық. Өзге елдердің тәжірибесін қарадық», – деп атап өткен Кәрім Мәсімов Австралия мен Канаданың экономикасын бағдарда ұстау керектігін айтты.
Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Үкімет бірінші қажеттіліктегі тауарлар бағасының көтерілуіне жол бермейтінін мәлімдеді.
Айырбас бағамы іргелі ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды есепке алумен нарықтық сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасатын болады. Бұл туралы Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.
«Инфляциялық таргеттеуге көшу Қазақстанға мейлінше тұрақты болуға мүмкіндік береді. Егер Үкімет пен Ұлттық банк ешбір әрекет жасамай, жағдайды енжар қалпында бақылап, болып жатқан процестерге араласпай, барлық қиындықтарды ұлттық сақтық қордан көмек алумен шешетін болса, ақыр соңында Қазақстанды дефолт күтуші еді. Бірақ, біздің қазір қабылдап жатқан шараларымыз, нақтырақ айтар болсақ, құрылымдық реформаларға көшу, инфляциялық таргеттеуге көшу, қорларды сақтап қалу, шығындарды қысқарту – олар біздің түпкі мақсатымызға – Қазақстанның анағұрлым тұрақты болуына әкелетін болады. Сондықтан, менің ойымша, Қазақстанның осы қиындықтарды өткеріп, мейлінше нығайған, қуаттанған және жаңарған болып шығуына барлық мүмкіндіктер бар», – деді Министрлер кабинетінің басшысы.
«Ресейден келетін тауарларға бәсекелестікті қалай қамтамасыз ететініміз жайлы көп сұрақтар туындады. Біз көршілеріміз,
бауырлас ел Қырғызстанмен шекараны аштық, ол жақтан тауар келеді. Менің
ойымша, осының бәрі біздің өндірушілерге тауарымыз сапалы әрі бәсекеге қабілетті болуы үшін өздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырумен, шығындарымен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Ағымдағы жоспарда біз осыны қамтамасыз етеміз», – деп сендірді Кәрім Мәсімов.