Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті мен Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлік субъектілеріне тауар нарықтарындағы бағалардың алыпсат - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті мен Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлік субъектілеріне тауар нарықтарындағы бағалардың алыпсат

Алыпсатарлық бағалар тәуекелі ең алдымен бірінші кезекте қажет азық-түлік тауарларына, жоғары тұтынушылық сұранысқа ие (автокөліктер, ұйымдастырушылық техника, тұрмыстық химия заттары және т.б.), сондай-ақ, мультипликативтік әсері бар азық-түлікке жатпайтын тауарларға (мұнай өнімдері, тауарлық және сұйытылған газ, көмір, мазут және т.б.)қалыптасқан жағдайда, монополияға қарсы орган монополияға қарсы заңнаманың бұзылу белгілері бойынша тергеулерді бастауға құқылы. Сонымен, тергеуді бастауға нарық субъектілерінің мынадай алыпсатарлық (немесе үстем жағдайды теріс пайдалану) фактілері алып келуі мүмкін:
– монополиялық жоғары бағаны белгілеу; өндiру немесе өнім беру мүмкiндiгi болған кезде сұранысқа ие тауарларды өндiру және өткізу бойынша негізсіз шектеулер енгізу; тауарды өнім айналымынан алып қою арқылы нарықта жасанды тапшылық жасау («Бәсекелестік туралы» ҚР Заңының 13-бабы).
Сондай-ақ, тауарларды сатып алу немесе өткізу  бағаларын не басқа шарттарын белгiлеу және (немесе)қолдау; тауарларды өндіру мен өткізуді негізсіз шектеу бойынша («Бәсекелестік туралы» ҚР Заңының 10,11-баптары) нарық субъектілерінің келісімдері және (немесе) келісілген іс-әрекеттеріне тыйым салынады.
Мұндай іс-әрекеттерді жасау барлық монополиялық табысты тәркілеп (ҚР ӘҚБтК-інің 159-бабы) 3 пайыздан 5 пайызға дейін айналым айыппұлдарын салуға әкеп соғады. Бұдан басқа, аталған бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК-нің 221-бабы) көзделген.
Сонымен қатар, монополияға қарсы тергеуге жол бермеу үшін ескертілетін ықпал ету шараларын қолдану кезеңінде нарық субъектілерін өз қызметін негізгі бағалық және сауда саясатын жүргізіп, қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкестікте, объективті мән-жайларды, оның ішінде: өнім қалдықтарының (қорының) бар болуы; өнімді өндірудің өзіндік құнының немесе сатып алу құнының өзгермейтіндігі; өткізілетін өнімнің  артуы өнімнің өзіндік құнының не өнімнің сатып алу құнының артуына пропорцио-налды болуы (мысалы, сатып алу не өзіндік құн бар болғаны 5 пайызға ұлғайған кезде тауарды өткізу бағасының 20 пайызға негізсіз ұлғаюы).
Монополияға қарсы органның қызметкерлері әкімдіктер жанынан құрылған бағаларды бақылау бойынша жедел штабтардың құрамына кірді, онда олар монополияға қарсы ден қою құралдарының елеулі жиынтығын ескере отырып, қалыптасқан жағдайда белсенді рөл атқаратын болады. Тергеу-лерден басқа, монополияға қарсы орган негізгі әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағаларына күн сайын мониторинг жүргізетін болады. Азаматтарға бағалардың күрт өсу фактілері бо-йынша ҚР ҰЭМ ТМР және БҚК Ақмола облысы бойынша департаментінің 8(7162) 25-56-89, 25-71-67 сенім телефоны арқылы хабарласуға, сондай-ақ, ресми өтініштермен жүгінуге болатынын хабарлаймыз.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар