Сенат депутаттары Рәшит Әкімов пен Жабал Ерғалиев Ақмола облысының Степногорск қалалық мәслихатының кезекті 42-ші сессиясына қатысты.
Депутаттар алдындағы өз есебінде қала әкімі Әнуар Күмпекеев биылғы жылдың алғашқы алты айының әлеуметтік экономикалық дамуына тоқталды. Аумақтарды дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес қазір Степногорск қаласында 906,6 миллион теңгенің 20 жобасы жүзеге асырылып жатыр. Қала экономикасына 4,5 миллиард теңгенің инвестициясы тартылды. Жаңадан құрылған шағын бизнес нысандарының қатары да өсе түсті. Бұл биылдың өзінде 223 жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Жұмыссыздар саны қысқарып келеді.
Сессияда сенатор Р.Қ.Әкімов сөз сөйлеп, еліміздегі соңғы жағдайға теңгенің таргеттелуі Қазақстан экономикасын нығайтуға өз ықпалын тигізетін болады, – деді. – Өңірлерде азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету бүгінгі күннің бас-ты мәселелерінің бірі. Біздің бұл дағдарыстан да ойдағыдай шыға аларымызға сенімдіміз.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.