Жиында 5 институционалдық реформаның жүзеге асырылу барысы туралы есеп тыңдалды.
Мемлекет басшысы жаңғыртудың әрбір бөлігі бойынша нақты қадамдар көзделгенін атап өтті.
– Бүгінгі таңда комиссия үлкен жұмыс атқарды. Біз қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізуге бағытталған актілердің жобасын тыңғылықты қарауды қажет ететін кезеңге келіп жеттік. Қазірдің өзінде 57 заң жобасы әзірленді, соның 29-ын Үкімет 1 қыркүйекке дейін Парламенттің қарауына енгізеді, – деді Қазақстан Президенті өз сөзінде. Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.