Солай десек те, біздің арамызда ондай абзал азаматтар баршылық. Солардың бірі – «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты Сағынтай Зекенұлы Елубаев.
Олай дейтініміз, республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық науқаны барысында Сағынтай Зекенұлы біздің мектептің 2 оқушысын жаңа оқу жылына дайындауға тиісті қаржы бөліп, ізгілік танытты. Осы көмегі үшін №4 орта мектептің ұжымы атынан халық қалаулысына алғысымызды айтамыз. Қос оқушымызды қуанышқа кенелткен абзал жанға шәкірттеріміз бен олардың ата-аналары да шын көңілден ризашылықтарын білдіруде.
Шолпан БЕГАЛИНА,
Көкшетау қаласындағы №4 орта
мектебінің қазақ тілі мұғалімі.