Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бақсы-балгерге сенесіз бе? - АРҚА АЖАРЫ

Бақсы-балгерге сенесіз бе?

Бүгін ол өмірінде алғаш рет ең ұзақ та азапқа толы түнді өткізді. Таңды көзімен атырған ана  үшін баласының қиналғанын көруден асқан қасірет жоқ шығар, сірә… Бармаған жері, қаралмаған дәрігері жоқ. Тауы шағылып, енді кімнен көмек сұрарын білмей дал…

Ауыр ойға шомып, үйден қалай шығып кеткенін өзі де аңғармайтын сияқты. Көше бойымен жүріп өтіп, ығы-жығы халықтың ортасы – базарға келді. Неге? Не үшін? Бәлкім, әлдебіреудің жан жадыратар сөзін естуге…
Өмірдің сын тепкісіне алынған келіншектің кейпі жүдеу. Қара уайым қара басын қайғыға салды. Бұрынғы дәурен енді қайтіп келместей көрінеді. Қайда, қайда екен оның қайғысыз жүрген күндері? Жарқырап, жадырамағалы бес-алты жылдың жүзі өтті. Бәлкім, одан да көп шығар.
Бұл өмірде қанша адам болса, сонша тағдыр бар. Біреуге бақыт бұйырса, енді біреуі сын сағатына ілігеді. Өмірдің өзіндік заңдылығы да міне, осында. Әр нәрсені ойлаған Әсел енді ғана айналасына назар аударды. Әрлі-берлі өткен халықта сан жоқ. Әрқайсысы өз шаруасымен әлек. Оған көңіл аударған бір адам да жоқ. Тек,  жемтігін аңдыған мысықтай бір бүйірден шыға келген қара торы келіншекке қалай тап болғанын өзі де аңдамай қалды.  Саңқылдаған
даусы да керемет екен. Аузы аузына жұқпай сөйлеген әлгі  келіншек іздегенін тапқандай. Қуанышында шек жоқ. Әселдің уайымға берілген кейпін көріп, бір гәптің барын анық аңғарды. Балгер келіншек Әселді өзінің  
отыратын жеріне ертіп келді. Базар маңындағы қаға беріс оңашалау бір жер екен.
 Бұрын-соңды Әсел бақсы-балгерлердің көмегіне жүгініп көрмеген. Тіпті, олардан ат тонын ала қашатыны бар еді. Бірақ, өмір өз еркіне бағындырмай қоймайды. Әлгі балгер де бауырына кіріп, жылы сөздерді үйіп-төгуде. Алдына жайып салған құмалағын ерсілі-қарсылы айналдырады. Айтып отырғаны өтірік пе, шын ба, тек өзіне ғана белгілі. «Сені бір мәселе толғандырады. Қазір қиналып жүрсің. Бірақ, бәрі қалпына келеді» деген сөзді естіп, келіншектің көңілі көтерілді. Иә, жылы сөзге кім жадырамасын. Әсіресе,  осындай қиын кезде. Бір ауыз жылы сөзден Әселдің өмірге деген құлшынысы қайта оянғандай. Өзінің бастан кешірген бар қиындығын ол балгерге жайып салды. Онымен қоса, азын-аулақ тиын-тебен ұстатты. Сөзінің соңында балгер баласының тәуір болатынын айтты. Уақыты болғанда өзіне келіп тұруын өтінді. Үйге ол ерекше көтеріңкі-көңіл күймен оралды. Бірақ, қуанышы артынша су сепкендей басылды…  
Соңғы жылдары бақсы-балгерлер өте көп. Алайда, олардың барлығы ерекше дарын иелері деп айту жансақ пікір. Бірі өтірік айласымен күн күнелтсе, енді бірі Алланың берген сыйын жарнамалап, жария-лаудан аулақ. Ал, базар маңын торуылдайтын балгерлерге сену өзі қиын. Олардың көріпкелдігінің қаншалықты шынайы екені айтпаса да түсінікті.  Десек те, өмірде қағажу көріп, амалы таусылған жандар үшін бұл соңғы үміт. Ал, бақсы-балгерлерге сену дұрыс па?
Болашақты болжау, құмалақ ашу, балгерлікпен айналысу қазақ халқында ежелден бар. Дейтұрғанмен, халық
арасында бақсы, балгерлер ібілістің достары деген көзқарастың қалыптасқанын еш жоққа шығара алмаймыз. Бірақ, олардың сөзіне сеніп, құрмет тұтатындар да жоқ емес. Біз көбінесе болашағымызды болжап, алдағы өмірде не болатынын білгіміз келіп тұрады. Ал, болашағымыздың қандай боларын  құмалақ, не карта айтады деудің өзі ақылға қонымсыз. Кейбіріміз балгер көрсек, өз болашағымыз  туралы, өмір жайлы білгіміз келіп, оларға жұғыса кететініміз бар. Әсіресе, ақ жаймасын жайып, құмалағын, картасын  ашып, базарды жағалағандарды көптеп кездестіруге болады. «Қолы қимылдағанның, аузы қимылдар» демекші, осылай күн көріп отырған балгерлердің алдынан адам үзілмейді. Бұл оларға деген сенімнің белгісі ме, әлде амалы таусылғандардың ісі ме?
 Аялдамаларда не болмаса көшеде де түрлі жарнамаларды кездестіреміз. Оның ішінде  «бал ашамын», «жол ашамын», «жоғалғанды табамын», тіпті, «дуа жасаймын»  дегендерді де көзіміз шалды. Бұған «жолыңды ашып, болашағыңды болжап беремін» дейтін көріпкелдердің қаптауы себеп. Көріпкелдерге бару дұрыс па? «Аңқау елге арамза молда» демекші,  бұқара халықты сонша алдаудың не қажеті бар. Қоғамда түрлі діни жат ағымдар қаптаған заманда ондай тәуіптерден сақтанғанымыз да жөн болар. Өйткені, олардың діни секталарды насихаттамайтынына кім кепіл? Осы орайда, елімізде бақсы-балгерлерге қатысты ешқандай заңның болмағаны өкінішті. Сонда көше кезіп, базар маңын жағалайтын, жұртты өз еркіне бағындыратын тәуіптер саны азаяр ма еді, кім білсін.  Ал, имамдар бұған не дейді.
–Қасиетті Құран Кәрімде: «Көктегі және жердегі құпияны Алладан басқа ешкім білмейді», – делінген. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да жамағатты балгер, көріпкел, құмалақ ашатын және сол сияқтыларға барудан қайтарған. «Кімде-кім ондай адамдарға барып, олардың ісін дұрыс десе, діннен шығып, кәпір болады. Сенбегеннің өзінде барғаны үшін қырық күндік ғибадаты қабыл болмайды. Шайтан адамдардың арасына от салуды қалайды» – деген. Яғни, бақсылықпен айналысу, олардың ісін дұрыс деу шариғатымызға қайшы келетін әрекет. Балгерлерге сену күнә болып есептеледі. Сондықтан, Алладан кешірім сұрау қажет,  – дейді Краснояр мешітінің наиб имамы Әділ Бөлегенов.  
Үміт оты маздаған шақта сенімге селкеу түскені өкінішті. Әсел енді бақсы, балгер дегенге сенбейді. Өйткені, ол тағдырдың жазуы құмалаққа не картаға түспейтінін жақсы түсінді.  Ал, сіз көріпкелдерге сенесіз бе? Осы орайда, психолог мамандардың ақыл-кеңесіне жүгіну де артық болмас. Тәжірибелі психолог Айман
Рахмалинова көріпкелдердің сөзі кейбіреулеріне психологиялық күйзеліс әкелетінін жеткізді.  Кей жағдайда тәуіптер  сары уайымға салатынын да ұмытпауға тиіспіз дейді маман. Бұл жерде көпке топырақ шашудан аулақпыз. Қоғамда шынайы көріпкелдігімен көзге түскен бақсы-балгерлер де бар. Тіптен, аурудан айықтыратын бақсылар да жоқ емес. Сондықтан, біз өзімізден гөрі оларға көп сенеміз. Қазақта «жаманның айтқаны емес, сандырағы келеді» деген сөз бар. Бірақ, бәлен жерде бақыр бар деп әр нәрсеге жүгірудің қажеті жоқ. Ал, сіз бұған не дейсіз, ойлы оқырман?..

Ақмарал   ЖАНҒАЛИЕВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар