Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауылдарымыз аман болсын - АРҚА АЖАРЫ

Ауылдарымыз аман болсын

Кеңестер одағы ыдырап, ондаған жылдар бойы қалыптасқан экономикалық байланыстар үзілгеннен кейін сол тұста енді ғана тәуелсіздік алған бұрынғы одақ елдерінің бәрінде әлеуметтік-экономикалық дағдарыс белең алғандығы белгілі.

Сол бір ауыр кезеңде еліміздің болашақ даму бағдарын айқындап, оған заңдық негізде жол ашатын Ата Заңымызды қабылдау қажет болды. Бүкілхалықтық референдум өткізу арқылы 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған жаңа Конституция Президенттік билікті қалыптастыруға негіз қалады. Осының нәтижесінде елімізде нарықтық қатынастар дамып, қаңырап қалған дүкен сөрелері азық-түлік пен тауарға толды, меншік түрі өзгерген ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салалары да біртіндеп дамуға жол ашылды. Сөйтіп, Ата Заңымыз еліміздегі жаңа нарықтық экономикаға негізделген құқықтық демократиялық мемлекет құруға негіз қалап берді.
Осының бәрі біздің Өлеңті ауылының да басынан өтті. Кезінде одақ ыдырап, ұжымшарлар талан-таражға түсіп, тістегеннің аузында кетіп жатқанда ешкімге де оңай болған жоқ. Алғашқы еңбек жолымды тракторшы ретінде ауылда механизаторлықтан  бастап, кейін ауылдық әкімшіліктің басшылығы қызметіне  тағайындалдым. Тәжірибем мен талабымның арқасында өмірге бүгінгі күннің өлшемімен қарап, өтпелі кезеңнің ауыр жылдарында ауыл тұрғындарының салын суға кетірмеуге тырыстым ғой деп ойлаймын.
Қазір жағдай ептеп түзелді. Округ әкімінің ауыл өміріне қатысты барлық маңызды мәселелерді шешуге белсене атсалысатын кезі жетті. Халық сенім артып отырғандықтан,  араласпайтын саламыз жоқ. Әсіресе, ауылдық жерлерде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы, жұмыссыздықпен күресу, халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуы ауыл әкіміне үлкен міндеттер жүктеп отыр. Соңғы кездері Үкімет тарапынан халықты әлеуметтік жағынан қорғауға бөлінетін қаржы жыл санап артып келеді. Осыған орай, тұрғындардың жағдайы да біршама дұрысталып отыр деуге болады. Мен басшылық жасап отырған ауылдық округке Өлеңті ауылы, Өлеңті және Қоржынкөл стансалары қарайды. Округте барлығы 1108 адам тұрып жатыр. Жұмыссыздық мәселесі оң шешілуде. «Арго Кешен Еңбек», «Титау Серім» және «Он олжа» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен өзге шаруа қожалықтары округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосуда. Қазіргі кезде ерінбеген адамға өз кәсібін ашып, шаруасын кеңейтуге барлық жағдай қарастырылған.
Мұның бәрі де Ата Заңымыздың шеңберінде елімізде құқықтық демократиялық зайырлы қоғам орнықтыру жолындағы атқарылып жатқан игі істер екендігі даусыз.

Балтабай ХОСЫБАЕВ,
Өлеңті ауылдық округінің әкімі.

Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар