Ата Заңымыз үшін 20 жыл онша көп уақыт емес. Дегенмен, осы санаулы уақыт ішінде өзіміз куә болып, көзбен көріп, көңілмен сезініп жүрген игі өзгерістердің бәрі де Конституция-мыздан бастау алғаны ақиқат.
Соңғы жылдары халық Үкімет асырайды, билік көмектеседі деген кеңес заманында қалыптасқан ескі көзқарастан арыла бастаған тәрізді.
Осы орайда, өз басым «Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» бағдарламасының берері мол дер едім. Әсіресе, бұл құжатта жеке ісін ауылда ұйымдастыруды қалайтындарға басымдық беріліп отырғандығын айта кеткен жөн. Кәсіппен айналысатын жасымның есейіп кеткеніне қарамастан үйде қол қусырып отыруды жөн санамадым.
Осы бағдарлама арқылы алған несиеге тігін цехын ашып, ұлттық қолөнер бұйымдарын, төсеніштер мен киім-кешектер тігуді қолға алдым. Той-томалақ, жол-жорасы көп тұрғындар біздің цехтан шыққан бұйымдарды үлкен сұраныспен алуда. Алдағы уақытта кәсібімді одан әрі кеңейтуді жоспарлап отырмын. Мұның бәрі Ата Заңымыздың қорған болуының арқасында қол жеткізіп отырған жетістік. Жоғарыда айтып өткендей, еңбектенемін деп құлшынып отырған жеке бір адамның қолынан келетін шаруа емес.
Әрине, құқықтық қоғам бірер жылда орныға салмайтыны белгілі. Ол үшін көп уақыт қажет болмақ. Дегенмен, оның ерте, не кеш орнығуы ең алдымен өзімізге, әрбір азаматтың құқықтық сауаттылығына тікелей байланысты екендігі анық. Осы орайда, еліміздің Ата Заңы әрбір адамның қойын кітапшасы сияқты жұмыс үстелінде жатса немесе үйінде көрнекті орында тұрса, сол Конституцияда негізделген демократиялық құқықтық қоғамды тезірек орнықтыруға, ең бастысы өзіміздің құқығымыз бен бостандықтарымыздың ешқашан аяқасты болмауына қол жеткізер едік дегенді еске сала кеткен артық болмас. Қарамағымда екі-үш адам жұмыс істейді. Олардың алдында еңбек заңын сақтап, жалақысын дұрыс, уақытылы төлеп отыру менің осы Конс-титуция алдындағы парызым деп санаймын.
Қарашаш ЫСҚАҚОВА,
жеке кәсіпкер.
Жақсы ауданы.