Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
I.Мектебі жабылса, тұрғыны да тарайды - АРҚА АЖАРЫ

I.Мектебі жабылса, тұрғыны да тарайды

Ел ішінде осындай ұғым бар. Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасырға жуықтаса да, қазақ мектептерінің жағдайы әлі де жақсарып кете қойған жоқ. Әсіресе, солтүстік өңірлердегі шалғай елді мекендердегі білім ошақтарының жай-күйі алаңдарлықтай.

Мемлекет көңіл бөліп отыр дегенімізбен, бұл мектептердің ресми тілде білім беретін білім ордаларынан сапасы нашарлау деген пікірді ұстанатындар саны азаяр емес. Кеңес Одағы тұсында туып-өскендер де, олар тәрбиелеген бүгінгі ұрпақ та  осындай пікірде. Біздіңше, қай жағынан алсақ та, бұл қате тұжырым. Жыл сайынғы Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі осыны көрсетеді.
Енді сапа мәселесіне көшсек, Бурабай ауданының орталығында салынып жатқан мектептің қаланың тым шетінде орналасқандығын, оған жетудің мұңға айналатынын газетімізде көтерген болатынбыз. Жалпы, бізде қазақ мектептерін салу процесі баяу жүріп жатыр. Құрылысы басталғандарының өзі осындай шикіліктерге толы. Биылдан бастап осы өңірдегі Жаңаталап негізгі мектебінің Мәдениет орта мектебіне қосылатынынан хабардармыз. Яғни, тағы бір ауыл қазақ мектебінсіз қалады деген сөз. Оқушылар әрі-бері тасымалданбақшы. Кім болмасын, баласының көз алдында жүргенін қалайды ғой. Мұның өзі әрі ауылдың тағдырына балта шабу болса керек. Өйткені, мектебі жоқ жерде ауыл да құлдырап, тарайтыны соңғы жылдардың тәжірибесінен жақсы белгілі.
Облыс орталығынан қашықта жатқан Жарқайың ауданына қарасты Баранкөл ауылындағы қазақ мектебі де жабылудың сәл-ақ алдында тұр. Бұрын  негізгі мектеп болып, 23 балаға тәлім-тәрбие берген оқу ордасы қазір сегіз шәкіртпен ғана қалып отыр. Оқушының аздығы  аталған нысанды бастауыш мектеп деңгейіне түсіруге мәжбүрлеуде. Бүгінде шешім қабылданып қойған. Балалар аудан орталығындағы интернатқа жіберілмекші. Осы мектеп директорының міндетін атқарушы  Айнұр Жүсіпованың айтуынша, бұл шешімнің көпбалалы отбасыларға ауыр түсер түрі бар. Себебі, мемлекет толық қамқорлық көрсетеді дегенмен де, олардың демалыстарда ауылға қатынауы, басқа жерде жүріп-тұруы қып-қызыл ақша. Бәрі де қатарластарындай болғысы, солар барған жерге барып, кигенді киіп, жегенді жегілері келеді. Ауылдағы жұмыссыз ата-анада оған қаражат қайдан табылсын? Қалған шиеттей бала-шағаны асыраудың өзі оңай шаруа емес. Оқушы саны азайған соң, соған сай мұғалімдер де қысқартылады. Бұрын жұмыс істеген 12 ұстаздың бастауышқа сабақ беретін көп болса, екеуі қалар. Ал, қалғаны тағы жұмыссыздардың немесе біз ресми тілде айтатын «өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың» қатарын толықтырады деген сөз. Оқу ордасының ғимараты да қаңырап қалмақшы.
Тағы бір қазақ мектебі керісінше, сол ғимаратқа зәру.  Целиноград ауданындағы Талапкер ауылдық округіне қарасты  Қажымұқан орта мектебі жүз орынға шақталғанымен, қазір ондағы оқушылар саны 300-ге жуықтаған. Ол ел ордасы – Астана қаласынан небары отыз шақырым қашықтықта орналасқан. Елді мекен халқының саны күннен-күнге артып келеді. Тиісінше, мектеп оқушыларының санында да айтарлықтай өсім байқалады. Қазір ауылдағы бұрынғы бастауыш мектеп ғимараты жөнделуде.  Бірнеше сынып сол жерге көшіріледі деп күтіліп отыр. Білім ошағы директорының орынбасары Бауыржан Битиков бізбен әңгімесінде мұндағы материалдық-техникалық база да көңіл қуантарлық емес екендігін жеткізді. Бүгінгідей ақпараттық технология дәуірінде адам өмірін компьютерсіз елестету мүмкін емес десек, аталған құрылғының бұл нысандағы саны небары үшеу ғана.  Осыдан кейін қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған химия, физика мен еңбек,  мультимедиялық кабинеттар жайлы сөз қозғаудың өзі артық болатын сияқты. Салауатты ұрпақ қалыптастырудың алғышарттарының бірі ретінде жеткіншектердің спортқа деген қызығушылығын оятар басты  орын – спорт залы тиісті талаптарға сай емес. Қыста ауыл көшелерін жауып тастайтын омбы қар да балалардың мектепке қатынауын қиындатады. Елді мекендегі көшелерді қардан тазарту  жайы – жеке мәселе.
Ерейментау ауданындағы Торғай ауылдық округіне  қарасты Жаңажол ауылындағы  негізгі мектептің де төбесінен су сорғалап тұрғалы қашан. Жауынды-шашынды күндері тамшылаған су мұндағыларды әбігерге салып келеді.  Жыл сайын ақтап, сылап, сырлап қойғаннан пайда шамалы болып тұр.  Сұлуынан жылуы керек. Ескі-құсқы жиһаз, ілініп-салынып әрең тұрған парта-орындықтарды жаңарту да қажет-ақ.  Мекеме басшысы Динара Өтепова жергілікті биліктің жағдайдан хабардар екенін айтты. Мәселені түбегейлі шешуге қаржы тапшылығы қолбайлау көрінеді.
Мектеп –  ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып отырған жалғыз нысан. Ол жабылса, болашағын баласымен байланыстыратын бірде-бір отбасы ит арқасы қиянда тұрақтап қалмақ емес. Елорданы отандық азық-түлікпен қамтамасыз етеміз дейміз. Сонда ет, сүт, жұмыртқа мен қаймақты қайдан алмақпыз? Иә, он шақты оқушыға бола тұтас бір білім мекемесін жыл бойы қаржыландырып отырудың көңілге қонымсыз екенін білеміз. Дегенмен, бұлай кете берсек, барымыздан айырылып, қазақ тілінде білім алатындар санын мүлде азайтып алуымыз ғажап емес. Не жаппай, не оған дұрыс қарамай, саны бар, сапасы жоқ етіп ұстаудың  да қажеті шамалы. Қорыта айтарымыз – қазақы тәрбие тек қазақ мектептерінде ғана беріледі. Ұлтқа жаны ашитын азаматтарды тәрбиелеп, өсіреміз десек, осы жағын басты назарда ұстауға тиіспіз. Осы елдің, жердің иесінің  өз  ана тілінде сапалы білім алуға құқылы екендігін естен шығармасақ жөн болар еді.

 

 

II.Бұрынғы енжарлық  әлі сол қалпында

Баласын мектепке апаруға қамданған жергілікті ұлт өкілдерінің басым көпшілігінде: «Қазақ сыныбына берсем бе екен, әлде, орыс сыныбында оқығаны жөн бе?», – деген таңдаудың тұратыны жасырын емес.

Егемен ел атанып, етек-жеңімізді жинап жатсақ та, осындай екіұдай пікірдегі қандастарымыздың саны кемімей келеді. Біз осы орайда, облыс орталығында қалыптасқан жағдайды зерделеген едік.
Биыл мемлекеттік білім грантының 78 па-йызы қазақ тіліндегі оқу бөлімдеріне бөлінді. Салалық министрлік бұл көрсеткіштің жыл сайын өспесе, кемімейтіндігін айтып отыр. Сонда ол гранттарды кімдер иеленбекші? Әлгіндей «былай тартсам, арба сынады, былай тартсам, өгіз өледі» деген немқұрайлы жандардың қатары сиремесе қалай болмақшы? Оның үстіне көп ата-аналар балаларын қазақ мектептерінің жоқтығынан амалсыздан орыс мектептеріне жіберуге мәжбүр. Не олар аудан орталығындағы интернатқа сабылады.  Аралас болса да, жоқтан тәуір ғой. Басқаны былай қойып, өз облысымызды алсақ, қазақ мектептері көп елді мекенде әлі жоқ. Аймақтағы алты жүзге жуық мектептің 161-інде ғана сабақ таза мемлекеттік тілде жүреді. Біздіңше, бұл тым аз.
Бала қазақ сыныбына барғанымен, аралас мектепте оқыса, одан нәтиженің шамалы болатынын айтып та, жазып та жүрміз. Ондай қостілді оқу ордалары оқушы бойына қазақы тәрбиенің қаймағын сіңіреді деу қиын. Себебі, онда үзіліс бола қалса, жапа-тармағай жат тілде шүлдірлеу де басталады. Анау-мынау жиналыстың өзі баршаға түсінікті болсын деген желеумен ресми тілде өткізіле беретіні тағы бар.
Жалпыдан жалқыға көшер болсақ, зерттеуіміздің негізгі нысаны – Көкшетау қаласында Мәлік Ғабдуллин атындағы  №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназия,  №18 орта мектеп пен Краснояр №3 мектебі ғана таза қазақ тілінде сабақ береді. Ал, қалған жиырмасы аралас мектептер санатында.  Облыс орталығында орналасқан білім ошақтарындағы қазақ сыныптарына  2013-2014 оқу жылында сегіз жарым мыңға жуық, ал, былтырғы жылы 9200-ге тарта оқушы барған. Алдын ала болжам бойынша биыл мектеп табалдырығын аттар  1300-ге тарта бүлдіршін  мемлекеттік тілде сабақ беретін сыныптарда оқитын болады.
Қаладағы кей мектептерде қазақ сыныптарының толықтығын сылтау етіп, бала қабылдамай жатқандығы жөніндегі ақпаратты растамақ болып, сол оқу ошақтарына хабарласқанымызда, аталған мектептердің басшылары мұндай жағдайдың орын алмағандығын айтып, ат тондарын ала қашты.
Осы орайда, біз қызу дайындықтың қамымен жүрген ата-аналарды сөзге тарттық. Тұңғышы биыл мектеп табалдырығын аттайтын  Самал Мұқашева ұлы Мансұрды орыс сыныбына бермекші.
–Ата-анам Кеңес үкіметі кезінде туып-өсті ғой.  Біз де орыс мектебін бітірдік. Кейін ресми тілдегі топта оқыдық. Менің көп тұстастарым сияқты, үйдегі қатынас тілі де сол болды. Оның үстіне, қазақи орта болған жоқ. Енді баламды қазақ сыныбына беруге қорқақтап отырмын. Өзім қазақша түсінгеніммен, оқулық тілін  меңгеріп, ұлыма үйретуге шамам келмейді. Сондықтан да, ата-анасының білместігі  салдарынан баламыздың оқу үлгерімі нашарлап кеткенін қаламаймыз, – дейді ол.
Иә, бұл тек Самалдың ғана емес, Одақ тұсында сол идеологиямен тәрбиеленген бүгінгі көптеген жандардың пікірі. Бір жағынан алып қарасақ, заманның солай болып, қазағы аздау теріскейде туғандығына олар еш кінәлі емес. Әйткенмен, бар мәселе талпыныстың аздау екендігінде сияқты.
Ал, татар ұлтының өкілі Орал Камалов қызын №17 орта мектептің қазақ сыныбына берген. Себебі, Қазақстанның болашағын тек қазақ тілімен ғана байланыстырады. Оның ойынша, әр қазақстандық елге, жерге деген зор махаббатын сөзбен емес, іспен көрсетуге тиіс. Тәуелсіз мемлекетіміздің әрбір тұрғыны осылай ойласа, бәлкім, аралас мектептер мен тіл мәселесі туындамас та еді.
Әйткенмен, жауапты тұлғалар баласын қазақша оқытқысы келетін ел тұрғындары санының күннен-күнге көбейіп келе жатқандығын алға тартып отыр. Оған осы тілде оқытатын мектептерге деген сұраныстың артуы дәлел. Облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарованың айтуына қарағанда, бұрынғыдай емес, жағдай жылдан-жылға жақсарып келеді.  Көкшетауда 900 орындық қазақ мектебі салынбақшы. Қазір жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Щучинск қаласындағы дәл осындай мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Жалпы, мемлекеттік тілде сабақ беретін мектептер әсіресе, Целиноград ауданында көптеп ашылып жатқан көрінеді.
Алайда, өңіріміздегі оқу  ордаларының жетпіс пайызының шағын кешенді мектептер екендігін естен шығармаған абзал.  Тиісінше, заң аясында олар оңтайландырылып жатыр. Бала саны шамадан тыс аздары өз жұмысын тоқтатуда. Елді мекендерде қазақ мектептеріне сұраныс жоқ деп оларды жаба салу да жөн емес сияқты. Сол жалпыға бірдей көзқарас салдарынан қазақ отбасылары балаларын амалсыздан орыс сыныптарына беруде. Халықтың ауылдан үдере көшуінің бір себебі бәлкім, осы болар.
Қалай десек те, баласының ана тілінде әріп танығанын қалайтын, сол тілде сөйлеп, сол тілде ойлауын тілейтін шынайы ұлт жанашырлары да аз емес арамызда. Солардың бірі  – Махаббат Баймағамбетова. Ол қызын  №13 «Экос» экологиялық мектеп-гимназиясының қазақ сыныбына беруді жоспарлап отыр. Егер тест түріндегі емтиханды сәтті тапсырса, бүлдіршін осы мектептің оқушысы атанады.  Махаббаттың пікірінше, бойында қазақтың қаны бар әр азамат баласының ана тілінде білім алуы-на жағдай жасауға тиіс. «Бүгін қазақша оқытып, үйренуге, үйретуге  ерінсек, ертең біздің балаларымыз бұл істі қиынсынатын болады. Осылайша, ұрпақ мәңгүрттеніп кете бермек», – дейді ол.
Біздің айтпағымыз да осы еді.   Ендеше, ел болашағына немқұрайлы қарамайық демекпіз, құрметті ата-аналар!

Перизат БӨЛЕКОВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар