Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық тәрбие мәйегіне сүйенейік - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық тәрбие мәйегіне сүйенейік

Қай заманда, қандай қоғамда болсын, отбасындағы бала тәрбиесі аса өзекті мәселелердің бірі болған. Тал бесіктен жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің бастапқы негізгі ұйытқысы да ата-ана болып қала беретіндігіне еш күмән жоқ.

Сондықтан да, отбасы – адамзаттың аса қажетті әрі қасиетті алтын бесігі. «Отан отбасынан басталады» деген ұлағатты сөзде терең мән-мағына жатыр. Себебі, әрбір отбасы өзінше бір Отан.
Еліміздегі әрбір отбасына жақсы жағдай жасалса, мемлекет те дамып нығаяды, халықтың әл-ауқаты артады. Отбасы қоғамның негізгі ажырамас бөлігі бола отырып, адами құндылықтардың, мәдениеттің, ұрпақтар сабақтастығының сақтаушысы  һәм  тұрақтылық пен дамудың негізіне айналады.   
Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында қиын да қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Сол себепті, әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Сондықтан да, олар  бала тәрбиелеудің басты  зандылықтарын білуі шарт.
Әлемнің екінші ұстазы атанған ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім адамзат баласының қас жауы» деген екен. Әрбір адам білім нәріне сусындамас бұрын тәлім-тәрбие алады. Ұстаз шәкіртіне білім нұрын төкпей тұрып, оның санасына сан қырлы сәуле құю керек. Баба сөзінің салмағы сонда болар, бәлкім.  Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері орныққан шаңырақтың бақытты отбасы екенін ұмытпағанымыз жөн. Сондай шаңырақта  ғана ата-ана мен балалардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді болады. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі мен тілі.
Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Тәрбие балаға сөзбен, теория-мен дарымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Дана халқымыз «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген ғой. Адам баласы ананың  мейіріне қанып, әке өсиетін тыңдап өсуі қажет. Жалпы алғанда, қыз бала бағзы замандардан келе жатқан салт-дәстүрлеріміз бойынша еріне бойұсынып, балаларына жақсы тәрбие бере отырып, үй тіршілігіне бесас-пап болуы тиіс. Шындығына келсек, отбасының берік болуының негізгі қағидасы адам бойындағы осы қасиеттерге негізделсе керек. Ашуын емес, әрдайым ақылын басшылыққа алса, ой таразысына салып шешім қабылдап, бақытты отбасын құруға талаптанса, ең мықты қорғаушы – сабырды серік етіп, арын бәрінен де қымбат санаса, өмірін ардақтап, оны сыйластықтың бал шырынымен сусындатса, міне, бұл нағыз бақыттың  кілті.  Ал, бақытты отбасы болашақта ұлы тұлғаларды дүниеге әкелуге қашанда қабілетті болмақ.
 Қазіргі кезде әрбір ата-ана өз баласының бос уақытын дұрыс пайдалануын қадағалап отыруды естен шығармауы керек. Қазір балалар мен жасөспірімдер арасында болып жатқан түрлі келеңсіздіктер кез-келген саналы азаматты алаңдата түсуде. Баланың бос уақыты дене және ақыл-ой қызметін жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалғаны жөн.
Біздің «Балдәурен» республикалық балалар сауықтыру орталығының ұжымы жасөспірімдердің бос уақытын ұтымды пайдалануы мақсатында олармен түрлі шаралар өткізуде. Жеткіншектердің денсаулығын, жас, психологиялық, ұлттық, аймақтық, менталитеттік ерекшеліктерін назарға алып, түрлі танымдық мерекелер ұйымдастырамыз. Бір жыл ішінде дем алған 4608 балаға түрлі үйірмелер бойынша «Ертегілер әлемі», «Алаш қайраткерлері», «Сал-серілер поэзиясы», «Мәдениет диалогы», «Риторика», «Жас математик», «Балдаурентану», «Қазақтың ауыз әдебиетін ағылшын тілінде қолдану», «Business English», «Funny English» сынды авторлық бағдарламалар ұсынылды. Ата-бабаларымыз бізге дұрыс жолды нұсқады, біз сол үрдісті жалғастырып келеміз. Ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан ұлттық тәрбиенің мәйегін ғасырдан-ғасырға жеткізу – бәріміздің де парызымыз екендігі айқын.
  Мұхиддин ТӨЛЕПБАЙ,
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының бас директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар