Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Kazakhstan Innovations» қоғамдық қоры Конституцияның 20 жылдығына орайластырып, «ЭКСПО-2017» автошеруін өткізді.
Шерушілер «Менің Қазақстаным» Тутұғырынан бастап, орталық көшелермен жүріп өтті. Ел мәртебесін асқақтата түсер айтулы оқиға –«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі жайлы халықты кеңінен ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырылған аталмыш шараға қатысқандардың дені жастар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері. Бір айта кетерлігі, шеруде «Mersedes» автоклубының 10 көлігі сап түзеді. Әрбір көліктің терезесінен желбіреген туымыз жүрегі елім деп соғар азаматтардың рухын көтергендей.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.