Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заңдарымыздың барлығы Конституциямыздың арқасында қадағалануда - АРҚА АЖАРЫ

Заңдарымыздың барлығы Конституциямыздың арқасында қадағалануда

Әлемдегі кез-келген мемлекет өзінің алғашқы қадамын тәуелсіздігімен қатар, Конституциясын қабылдаудан бастайды. Бұл – сол мемлекетті құраушы ұлттың ғасырлардан жинақталған өзіне тән ұстанымының, жүрген жолдарының өзегінен шығып, келешегіне бағдар жасайтын басты белгі. Осыдан жиырма жыл бұрын  мемлекеттілігімізді дәлелдеген басты құқықтық құжатымыз қабылданып, еліміз жасампаз жаңа дәуірге нық қадам басты.

Құжатты әзірлеуде Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың көп тер төккені баршамызға мәлім. Отандық тарихшылар, саясаткерлермен қатар, алыс-жақын шет мемлекеттерден білікті заңгерлер мен мамандарды шақыртып, олардың айтқан сәуегейлі ойларын таразыдан өткізген де Тұңғыш Көшбасшымыз болатын.  
Бүгінгі біздің жас ұрпақ қазіргі басты заңымыздың темір-қазығы сонау «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысынан» бастау алғандығын жақсы біледі деп ойлаймыз. Ол құжат еліміздің негізгі заңы ретінде егемендігіміздің тұрақты дамуының, қоғам мен мемлекет тұрақтылығының іргетасы саналады. Ол республиканы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік деп жариялап қана қомай, биліктің бастауы халық екендігін айқындап берді.  
Еліміздің негізгі заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті.
Конституцияда демократияның түпкі мәні ерекше айқындалады. «Демократия» деген грек сөзін өз тілімізге аударсақ, халықтың билігі деген мағына шығады. Осы тұжырым қағида негізгі заңның үшінші бабында   «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп нақты жазылған. Мемлекеттік билік Конституция бойынша үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі болып дараланған. Осы жылдары демократияның маңызды институты – парламентаризмді дамыту үшін барлық жағдай жасалды.
Сондай-ақ, адамның құқығы мен еркіндігін қорғау да назардан тыс қалмаған. Әр адам осы елде өмірге келіп, тұрмыс-тіршілік жасап жатқандықтан, оларды тіліне, түріне және нәсіліне қарап алалау жоқ. Байырғы қазақ жерінде тағдырлары тоғысқан барлық ұлттар мен ұлыстардың ынтымағы жарасып, ортақ мүдде жолында өмір сүріп жатқаны біздер үшін зор байлық болса керек.
Жаңа Конституцияның тағы бір бас-ты артықшылығы – меншіктердің әр алуандығын мойындап, оны заң жүзінде бекітті. Енді Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікпен қатар, жеке меншік те өз күшіне еніп, заңмен қорғалуда. Демократиялық принциптер Конституцияның арнайы «Адам және азамат» атты екінші бөлімінде айқын көрініс тапқан. Онда жазылған ережелердің сақталуында прокурорлық қадағалаудың рөлі орасан зор екенін айта кеткеніміз жөн. Прокуратура мен құқық қорғау қызметі конституциялық заңдылықты, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын қадағалауды жүзеге асырып, заңдылықтың бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады.
 Конституцияда жеке, азаматтық және саяси құқықтарға, осы құқықтардың кепілдігіне айтарлықтай көңіл бөлінеді.
Жеке меншік құқығы заңмен қорғалады, сонымен қоса өзінің мүмкіндіктерін және мүліктерін кәсіпкерлік қызметте және заңмен тыйым салынбаған экономикалық қызметте еркін пайдалануына құқықтары бар.  Бұл нарықтық экономиканың тұрақты дамуы, экономикалық реформаның алға жылжуы үшін сенімді конституциялық негіз жасауды қамтамасыз етеді. Осы орайда, облыстық прокуратура органдарында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша «Мобильді топтар» құрылған болатын. Бүгінде олар республикамыздың әр түпкірінде қызмет атқарып жүр.
Үстіміздегі жылдың есепті мерзімінде кәсіпкерлік субъектілерінен сенім телефонына он бір хабарлама келіп түсті. Соның нәтижесінде бір әкімшілік іс қозғалып, екі адам тәртіптік және тағы бір лауазымды тұлға  әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Биыл әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықтың сақталуын қадағалау бо-
йынша  прокуратура органдарымен 13573  адамның конституциялық құқығы қорғалды. Оның ішінде  еңбек құқығы, кәмелетке толмаған балалар мен адамның денсаулығын  сақтау құқықтары бо-йынша тұрғындардан біраз өтініштер келіп түсті. Жалпы, прокурорлардың тікелей араласуымен 3792  жұмысшыға 200 миллион теңгеден астам жалақы төленді. Қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңінде заңдылықтың сақталуын қадағалау бойынша 21 адамның конституциялық құқығы қорғалды. Бұл жұмыстар одан әрі де жалғасын табатыны сөзсіз.
Қорытындылай келсек, Ата Заңы тұрақсыз мемлекеттің болашағы бұлыңғыр болатынын естен шығармайық. Еліміз тұрақтылықтың арқасында жиырма жыл ішінде жан-жақты қырынан әлемге таныла білді. Біздің ендігі кезектегі басты міндетіміз –  тәуелсіздігіміздің тірегі Конституциямызды қатаң ұстанып, оны құрметтеп, маңыздылығын жоғалтпай сақтау. Барлық жерлестерімді келе жатқан Конституция күнімен құттықтағым келеді. Баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға бірлік пен береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Мемлекеттік мерекеміз құтты болсын!
Мұратбек Исаділов,
Ақмола облысының прокуроры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар