Тәуелсіздік алаңында ұйымдастырылған мерекелік шараларға Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев қатысып, жиналған жұртшылық өкілдерін Конституция күнімен құттықтады.
Қала әкімі барлық отбасына береке-бірлік, ырыс-ынтымақ, Отанымызға тыныштық тілей келе, ел Конституциясын ұлықтауда адал еңбектерімен көзге түскен бір топ ақмолалықтарды «Қазақстан Конституция-сына 20 жыл» мерекелік медалімен және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады. Сондай-ақ, өз атынан да осындай Алғыс хаттарды салтанатты жағдайда табыс етті. Мұндай құрметке ие болғандардың қатарында Көкшетау қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Дәулет Есқақов, «Билборд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Әлмұрат Есләмов, қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы
Айбар Сауытбеков, тағы басқалары бар.
Бұл күні әншілеріміз халықтың рухын көтеретін «Атамекен», «Туған ел» әндерін орындап, жасқа да, кәріге де көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Ата Заң – егемендік кепілі» атты театрландырылған қойылымнан басталған бұл концерттік бағдарлама кешке дейін жалғасты.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ