Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еркін елдің үкілі үміті - АРҚА АЖАРЫ

Еркін елдің үкілі үміті

 Облыс әкімі Сергей Кулагин 1 қыркүйек – Білім күні Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясында болып, «Менің Отаным – Қазақстан» атты мерекелік шараға қатысты және ұстаздар мен оқушылар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.  

Биыл облысымыз бойынша 12 мыңға жуық бүлдіршін бірінші сыныпқа барса, соның ішінде 125 бала  Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының табалдырығын аттады. Өмірлерінде тұңғыш рет білім атты теңізге сапарға шыққан жеткіншектерге облыс әкімі Сергей Кулагин ақ жол тілеп, әрқайсысына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  атынан «Менің Отаным – Қазақстан» кітабын табыс етті. ««Қымбатты жас дос! Сен жаңа белеске қадам бастың, мектепке келдің, оқушы болдың. Бұл сен үшін үлкен мереке. Ал, мерекеде сыйлық беріледі. Бұл кітап – менің саған жасаған сыйлығым!» деп басталатын аталмыш еңбекті балау-са балғындар зор ықыласпен қабыл алып, Ата Заң, білім туралы жыр шумақтарын жатқа айтып берді.
Өзінің құттықтау сөзінде өңір басшысы Сергей Кулагин еліміздің іргесін бекем ете түсуде білімнің қаншалықты маңызды екенін атап өтті.
– Құрметті ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар! Бүгін сіздер үшін өте ерекше күн. Жазғы демалыстан кейін асыл ұя – мектеппен қайта қауышып, жаңа оқу жылын бастағалы отырсыздар. Сонымен бірге, ұстаздарға да зор жауапкершілік жүктеледі. «Ағашты қалай исең, солай өседі» демекші, еліміздің ертеңі шәкірттерге берген білімге байланысты болмақ. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың  білім саласына зор көңіл бөлуінің астарында үлкен үміт, сенім жатыр. Биыл облыс мектептері оқулықтармен толық қамтылуы үшін облыстық бюджеттен 85 миллион теңге қаражат бөлдік. Нәтижесінде оқулық проблемасы шешілді. Бірқатар білім ошақтарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, балаларымыздың сапалы білім алуына жыл сайын жағдай жасалуда, – дей келе, ұстаздар мен ата-аналарға шыдамдылық, жаңа оқу жылында мол жетістіктер тілеп,  оқушыларды жақсы оқуға, тек үздік білімге ұмтылуға шақырды.
Аталған мектептің 11 «ә» сыныбының озат оқушысы Нұрхан Тұрсын мен 1 «а» сынып оқушысы Рәзия Беркімбай білім мерекесінің ертеден келе жатқан тағы бір айшықты дәстүрі – алғашқы қоңырау соғу рәсімін өткізіп, салтанатты жиын одан әрі мектеп ғимаратында жалғасын тапты. Облыс әкімі Сергей Кулагин, Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев және облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллинге арналған шағын мұражайды тамашалады. 11 сынып түлектерімен әңгіме барысында Сергей Кулагин мамандық таңдау жүрек түпкіріне үңілуді, тереңнен ойлануды қажет ететіндігін айта келе, қоғамдық істерге белсене араласып, жақсы оқыған шәкірттерге өзінің атынан жыл сайын шәкіртақы тағайындайтындығын айтты. Жастардың адал азамат болуларына тілектестік білдіріп, естелік суретке түсті.       
  «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар