Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тасқыннан зардап шеккен Оразақта - АРҚА АЖАРЫ

Тасқыннан зардап шеккен Оразақта

Білім күні мектеп ашылды

Биылғы көктемдегі су тасқынының  қаншалықты қиындыққа душар қылғандығы белгілі. Топан су біраз ауылдарды басып, көптеген отбасылар баспанасыз қалды. Табиғаттың  тосын мінезінен Целиноград ауданының Оразақ ауылы да көп зардап шеккен еді. Бүгінде арнайы шешіммен аталмыш ауылда екі пәтерлі 100 үй салынып жатыр. Оның ішінде 40 үй осы айдың аяғына дейін пайдаланылуға берілсе, қалған үйлердің құрылысы да қараша айына дейін бітуге тиіс.
Су тасқынының салдарынан ауылдағы мектеп ғимараты да жарамсыз күйге түскен еді. Абырой болғанда, ауылдағы бос тұрған бұрынғы мәдени-спорт үйінің ғимараты қайта жөнделіп, орта мектеп осында уақытша орналасатын болды. Қыркүйектің 1-і  –  Білім күніне орай Оразақ ауылының  оқушылары мен ұстаздары, ауылдың барша тұрғыны уақытша мектептің ашылу салтанатына жиналды. Облыс әкімі Сергей Кулагиннің тапсырмасына орай, құрылыс жұмыстарын қолға алған «Электросетьстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  іске жауапкершілікпен қараған екен. Оның айғағы ретінде қайта жөнделген ғимараттың іші-сыртының бүгінгі күн талаптарына сай екендігін айтуға болады.
 –Уақытша мектеп дегенмен, мұнда орын жеткілікті, – дейді мектеп директоры Шолпан Жахина. – Сондай-ақ, 40 балаға арналған шағын орталық та жұмыс істейтін болады. Келесі жылы бұрынғы оқу ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп бергенше осы ғимаратты пайдаланамыз.
  Әрине, арнайы тұрғызылған құрылыс болмағандықтан, кейбір ыңғайсыздықтар болуы мүмкін. Дегенмен, облыс, аудан басшыларының тез шешім қабылдап, ең бастысы, су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға бөлінетін қаржының уақытында түспегендігіне қарамастан, тұрғын үй құрылыстарын да тоқтатпай, оқу жылы басталғанға дейін мектеп мәселесін жедел шешкендігін ерекше атап өту керек.
 – Биылғы көктемнің қандай қиындықтар әкелгендігін өздеріңіз білесіздер, – деді мектептің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Мәлғаждар Тәткеев. – Үйсіз қалғандар жуық арада жаңа баспанаға ие болады. Сондай-ақ, қараша айына дейін тұрғын үй мәселесі толық шешіледі. Міне, бүгін уақытша болса да мектеп ашып, оқу жылын уақытында бастап отырмыз.  Сәтін салса, келесі жылы бұрынғы мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп, орта мектебіміз қоныс тойын тойлайтын болады.
Бір назар аударарлығы, ауыл тұрғындарының көңілдеріне сенім ұялаған екен. Себебі, олар қауырт жүргізіліп  жатқан жұмыстарды көріп отыр. Алғашқы нәтижелер де жаман емес. Әрине, табиғаттың тосын мінезі әкелген апаттың зардабын жою бір күндік шаруа еместігі белгілі.
  Оразақта өткен Білім күні бірінші сыныпқа барған әр балаға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан  «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітап сыйға таратылды. Сондай-ақ, облыс әкім Сергей Кулагиннің атынан да мектепке арнайы сыйлық табыс етілді.
 Міне, бүгінде жартысын су басып қалған Оразақ ауылында тірлік өз ретіне келіп, тұрғындар сабаларына түсті. Мектеп бар, тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
 Талғат ҚАСЕН
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар