Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
12,5 миллиард теңге бөлінген - АРҚА АЖАРЫ

12,5 миллиард теңге бөлінген

«Ақмола Медиа Орталығында» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаевтың қатысуымен өткізілген баспасөз мәслихатында «Ұлт жос-пары – 100 нақты қадам» бағдарламасына орай, осы салада атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.

Сондай-ақ, шараға аталған комитеттің Көкшетау қаласындағы «Солтүстікқазжерқойнауы» Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаментінің басшысы Ербол Әділханов және облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Берік Мұстафин қатысты.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» бағдарламасы бойынша әзірленіп жатқан құжаттар мен жоспарлар жөнінде халықты ақпараттандырып, түсіндіру жұмыстары еліміздің әр жерінде қолға алынған.
Осы шара аясында Ақмола облысына арнайы ат басын тіреген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев соңғы жылдары Қазақстанда геологиялық барлау саласына үлкен назар аударылғаны және жыл сайын қаржыландырудың ұлғайып келе жатқандығын ерекше атап өтті.
Оның айтуынша, өткен жылы елімізде 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының минералды шикізат кешенін дамыту жөніндегі бесжылдық бағдарламаны іске асыру аяқталды. Осы бағдарламаның аясында еліміздің барлық өңірлерінде, моноқалаларға жақын орналасқан учаскелерде өңірлік, геологиялық түсіру, іздеу, бағалау және барлау жұмыстары жоспарлы жүргізілді. Оның ішінде Степногорск қаласы да бар.
–Биылғы жылы геологиялық барлауға 12,5 миллиард теңге бөлінді. Оның жартысына жуығы Ұлттық қордан «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бөлініп отыр. Бұл қаржының 1 миллиард теңгесі «Қазгеологияға» берілді. Осы қаражат кенді аймақтарда барлау жұмыстарына жұмсалады, – деді өз сөзінде Базарбай Нұрабаев.
Сонымен қатар, комитет төрағасы геология және минералды ресурстарды дамыту туралы, оның ішінде саланы халықаралық стандарттарға көшіру және инвестициялық ахуалды арттыру барысын әңгімелей келе, «Ұлт жоспарын» халыққа түсіндіру арқылы осы құжатты іске асыру бойынша ұсыныс-пікірлерді білу маңызды екенін ерекше атап өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар