Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қайыспас рух күрескері - АРҚА АЖАРЫ

Қайыспас рух күрескері

Шәймерден Қосшығұлұлының еңселі мүсіні салтанатты жағдайда Қоғам орта мектебінің алдынан орын алды

  Жастайынан ауыл молдасынан хат танып, Науан Хазірет медресесі мен Бұқарада оқыған есіл ер кейін Наурызбай Таласұлы мешітінің жанындағы интернатта мұғалім болған. Дәл осы кез оның өз ұстазымен бірігіп, Ресейдің шоқындыру саясатына ашық қарсы тұрған тұсы еді. Заманында ұлтымыздың ұлы перзенті Абайға да хат жазып, қазақ намысын таптатпау жолында ортақ күреске үндеген  ағартушы кейін абақтыға жабылды. Алғашында орыс тілін білмейтіндігінен депутаттыққа тіркелмей, екінші ретте Мемлекеттік Думаға халық қолдауымен депутат болып сайланады. Батыс Сібірге айдауға жіберіліп, Якутияда жапа шекті.  Артынша алашордашылар араға түсіп, оны босатып алады. Ол Петербор мен Нижний Новгородта болып, жалпыресейлік мұсылмандар съезіне қатысады. Түркияға барып, сол елдің танымал газеті арқылы ІІ Николайға мәлімдеме жасайды. Бертін жаламен Петропавл түрмесіне қамалып, 1942 жылы қайтыс болады.
Салтанатты рәсім барысында көрнекті тұлғаның келіні Сара Шәймерденова шашу шашты. Алдымен, аудан әкімі Асқар Қиықов сөз алып,  барлық ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады, шәкірттердің осы ұлт ардағының  атындағы мектепте оқуының өзі оларға үлкен жауапкершілік жүктейтінін тілге тиек етті. Ал, облыстық мәслихаттың депутаты Серік Аяғанов өзіне ұлт зиялысының нағашы болып келетінін айтты. Анасы оны «Шәйке молла» деп ардақтап, талай естеліктер айтса  керек. Діндар бабамызда сырты алтынмен зерленген Құран кітаптары көп болыпты. Облыстық аурухананың бас дәрігері бұл бюстің ашылуы Шәймерден Қосшығұловқа  жасалған құрметтің бір парасы екенін атап өтті. Оны зерттеп-зерделеу ісінің әлі де жалғасатынына  сенім мол.
Осы орайда, сөз алған халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, республикалық Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ақын  Серік Тұрғынбекұлы қым-қуыт, қиян-кескі заманның әйгілі ағартушы есімін ел есінен шығарта алмағандығын жеткізді.
– Одан кейін де бұл жалған, жалпақ дүниеге талай адам келіп-кетіп жатыр. Бірақ, дәл Шәймерден бабамыздай ұлттың жоғын жоқтағандары шамалы. Мемлекеттік Думаға дейін жетіп, ел  мүддесін қорғаған қазақ азаматтары санаулы. Соның бірі – осы кісі. Ендігі біздің міндет – осындай асылдарымыздың қадір-қасиетін келер ұрпаққа жеткізу. Біз – ежелгі елміз.  Жаңа буын бертінгі жылдардың бедерінде ғана емес, сонау ғасырлардан бастау алатын тарихымызды біліп өсуге тиіс. Сол жастар тануы  керек көрнекті тұлғаның бірі осы Шәймерден Қосшығұлұлы, – деді ол өз сөзінде.
Ал, бюсті жасаған мүсінші Манарбек Бұрмағанов кезінде қайраткердің «Улфат» газетіне қосымша «Серке» басылымын шығарғанын ескере отырып, білім ошағының алдына оның бейнесін газетпен бірге қоюды жөн санағандығын айтты.  Осы ауданның құрметті азаматы  Тыныштық Ахметова болса, Қоғам ауылында оның барлық ата-бабаларының жерленгенін, олардың ешбірінің де осал болмағандығын жеткізді.  Әулеттің Шәймерден атамыз бастаған депутаттық жолы үзілген жоқ. Кезінде нағашы жағынан Тыныштық апайдың өзі Жоғарғы Кеңеске депутат болып  сайланса, өңіріміздің белгілі азаматы  Серік Аяғанов та заң шығарушы органда Парламент Сенатының депутаты ретінде біраз жыл жемісті қызмет атқарды. Қазір де ол халық қалаулысы, облыстық мәслихаттың депутаты болып жүр. Сөз соңында Тыныштық апай өзінің  ұлы, облыстық мәслихаттың депутаты Мұрат Теміржанов пен өз  атынан білім ордасына ақшалай сыйлық тапсырды.
Өз кезегінде ауыл ақсақалы Қанапия атамыз да бұл жалғыз Қоғамның, Қосшығұловтар әулетінің ғана емес, барша елдің тойы екенін тілге тиек етті. «Тұлпар аунаған жерде түк қалады» демекші, бүгінгі ұрпақ та бабаларымыздың рухы қолдап, осал болмауға тиіс. Ол үшін әрине, оқу-білім керек.  Астана қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қайролла Жармұқанов та әкесінің осы Шәймерден молладан тәлім алғанын атап өтті. Бұдан бұрын ел ардағы жайлы тарих және филология ғылымдарының докторы Өмірзақ Озғанбай ағамыздың «Рух күрескері» атты еңбегі жарыққа шыққан болатын. Бүгінде Шәймерден  Қосшығұловтың атында осы ауылдағы мектептен басқа, Астана қаласы мен облыс орталығында көше бар. Жиналғандар біртуар бабамыздың  немерелері Ерік  пен Серік Шәймерденовтер орнатқан бюстің алдағы уақытта еңселі ескерткішке айналарына сенім білдірді.

 

Перизат БӨЛЕКОВА

Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар