Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi теңгемен ашылған депозиттердiң шығынын өтеу бағдарламасын қыркүйекте бекiтедi - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi теңгемен ашылған депозиттердiң шығынын өтеу бағдарламасын қыркүйекте бекiтедi

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Ұлттық банктiң қаржылық қызметтi тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi департамент директоры Александр Терентьев мәлім етті.

–Мемлекет басшысы теңгенiң еркiн айналымға түсуiне байланысты, депозиттерi теңгемен ашылған халыққа шығындарын өтеп беру туралы тапсырма берген.  Президенттiң тапсырмасына сәйкес,  1 миллионға дейінгі барлық теңгелік депозиттер өтеледі. Ұлттық банк тиiстi бағдарламаны әзiрлер жатыр. Ұлттық банк төрағасының тапсырмасына сәйкес, құрылған жұмыс тобы шығындарды өтеу бағдарламасын 1 қыркүйекке дейiн бекітуге ұсынуы тиіс. 5 қыркүйек күні Ұлттық банк басқармасы осы бағдарламаны бекітеді, – деп хабарлады А.Терентьев.
А.Терентьев бұл бағдарламаға
1 миллионға дейін салымы бар барлық азаматтар, яғни республикадағы барлық банктердің салымшылары қатыса алатынын айтты.

 

Ұлттық банк доллардың 240 деген  курста қалуы ыңғайлы және қалыпты деп есептейді

 

Ұлттық банкте доллардың 240 теңге деген курста қалуын қалыпты және ыңғайлы деп есептеп, басқа күрт өзгерістер күтпейді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Нұрлан Құсайынов мәлімдеді.

 

–Біз  халықты мерекені уайымсыз тойлап, теңгенің жаңа курсын іздемеуге шақырамыз. Апта ішінде доллар курсы 240 теңге шамасында болды және мұны ыңғайлы, қалыпты деп білеміз. Қыркүйектің басында қандайда бір күрт өзгерістер болады деп ойламаймыз, – деді ол.
Оның атап өтуінше, жылдың соңына дейін қаржы реттеуіші техникалық комитеттің 4 отырысын жоспарлаған. Біріншісі 2 қыркүйекке белгіленді. Осы кеңестің аясында Ұлттық банктің экономикалық жағдай бойынша және қаржылай нарықтағы операциялар жүргізілетін базалық мөлшерлеме бойынша бағыттары белгіленетін болады.

 

 

Ұлттық банкте қолма-қол ұлттық және шетелдік валюта қорының екеуі де жеткілікті

 

Бұл туралы Ұлттық банк басқармасы төрағасының орынбасары Олег Смоляков мәлім етті.

 

–Жалпы, қолма-қол валюта нарығы тұрақты, яғни, қазіргі уақытта ақша айырбастау пункттерінің көпшілігі қолма-қол шетелдік және ұлттық валютаны сатып алу және сату бойынша операцияларды қалыпты жүргізіп жатыр. Бізде ұлттық валюта болсын, шетелдік валюта болсын – бәрі жеткілікті. Ұлттық банктің әрбір филиалы қолма-қол ұлттық валютамен 1,5 айға қамтамасыз етілген, – деді ол.
Ұлттық банк басқармасы төрағасының орынбасары атап өткендей, барлық ақша айырбастау пункттері қазірде қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар