Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрғын үйлер жаңартылып, аулалар көркейтілуде - АРҚА АЖАРЫ

Тұрғын үйлер жаңартылып, аулалар көркейтілуде

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының Саяси кеңесі бюросының отырысында өңірімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жаңғырту бағдарламасы-ның  іске асырылу жайы талқыланды.

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов, партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қатысып, осы жұмыстардың барысын жақсарту туралы міндеттерді айқындады. Алдымен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Данияр Қуанышбаев баяндама жасап, жиналғандарды 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының біздің өңірімізде жүзеге асырылу барысымен таныстырып өтті. Оның айтуынша, осы жоба аясында облысымыздың Ақкөл, Атбасар, Сандықтау, Астрахан аудандарындағы жылу орталықтары жөндеуден өткізілген. Қазіргі таңда тағы бес елді мекенде жылу орталығының құрылысы жүріп жатқан көрінеді. «Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде 2011-2014 жылдары 106 жоба іске асырылып, 39,8 миллиард теңге қаржы игерілген. Соның арқасында тұрғындар күнделікті пайдаланып жүрген ауыз су сапасының жақсарғанын айта кеткеніміз жөн.
Ал, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына келетін болсақ, бұл жобаға қаржы республикалық бюджеттен бөлініп, кейін тұрғындардан біртіндеп қайтарылып отырады. Тозығы жеткен көпқабатты үйлерді жөндеуден өткізу үшін 2011-2012 және 2014 жылдары мемлекет есебінен 1,7 миллиард теңге қаржы бөлініп, Көкшетау, Степногорск, Атбасар және Щучинск қалаларындағы көпқабатты 91 үй жөндеуден өткен. Сондай-ақ, істен шыққан лифтілер мен автоматтандырылған жылыту пункттері, тұрғын үйлердің аулалары да назардан тыс қалып жатқан жоқ.
Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Абай Қадырәлиев аталған бағдарламаның облыс орталығында іске асырылуы жөнінде есеп берді. Жиында партияның жергілікті филиалдарының жұмысы туралы тағы бірқатар басшылардың есептері тыңдалды. Жиын соңында қаралған мәселелер бойынша Саяси кеңес бюросының арнайы қаулысы қабылданды.     
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар