Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жағдай тұрақталып келе жатыр - АРҚА АЖАРЫ

Жағдай тұрақталып келе жатыр

Кеше «Ақмола Медиа Орталығында» «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» Ақмола филиалы директорының орынбасары Бектұрған Бозтериевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтіп,  онда теңге бағамының өзгеруіне орай, банк тарапынан қолға алынған шаралар сөз болды.

Ағымдағы жылдың 20 тамызынан бас-тап Ұлттық банк жаңа ақша-несие саясатын қолға алғаны белгілі. Осы орайда, жаңа несие саясатының, яғни, инфляциялық таргеттеудiң мәнi – инфляцияны көздеу саясатына көшу болып отыр. Инфляцияны көздеу саясатына көшу барысында теңге бағамы бос жiберілген болатын.
Бұл туралы журналистермен өткен баспасөз мәслихаты барысында «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» Ақмола филиалы директорының орынбасары Бектұрған Бозтериев мәлім етті. Оның айтуынша, инфляцияны көздеу саясатының негiзгi мәнi – бағаны тұрақтандыру болып табылады. Бағаны тұрақтандырып, қымбаттауға жол бермеу үшiн 2020 жылға дейiн жылдық инфляцияны 3-4 пайызға дейiн түсiру көзделген көрінеді.
–Теңге бағамы өзгергеннен бері облыс аумағындағы валюта айырбастау пункттерінде де біршама қарбалас белең алғаны анық. Бұл түсінікті жайт. Біреулер қолдағы ақшасын құнсызданып қалады деп қорықса, енді бірі осы сәтті пайдаланып, «ақша тауып» қалғысы келгені анық. Алайда, мемлекеттік органдар ондай келеңсіздіктерге жол бермейді. Барлық валюта айырбастау пункттері мен олардың операциясының тәртiбi қатаң бақылауға алынған, – деп түсіндіріп өтті өз сөзінде Бектұрған Бозтериев.
Сонымен қатар, ол теңге бағамының төмендеуіне орай, ұлттық валютамен сақталған депозиттер жайына да назар аударды. Осы орайда, «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» Ақмола филиалы директорының орынбасары журналистер қойған сұраққа қатысты теңгемен ашқан депозиттердiң шығынын өтеу бағдарламасы алдағы қыркүйекте бекiтiлетінін жеткізді.
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев теңгенiң еркiн айналымға түсуiне байланысты депозиттерi теңгемен ашылған халыққа шығындарын өтеп беру туралы нақты тапсырма берген еді. Осыған сәйкес
1 миллионға дейінгі барлық теңгелік депозиттерге өтемақы жүргізілетін болады, – деді ол.
Баспасөз мәслихаты барысында айтылған тағы бір маңызды мәселе – ол облыс аумағындағы бірқатар ақша
айырбастау пунктінің жұмысының тоқтап немесе жабылып қалу мүмкіндігі. Осы ретте, Бектұрған Бозтериев бұл мәселенің тек заң аясында ғана шешілетінін түсіндіріп өтті.
Жалпы, қазіргі кезде жағдай біршама тұрақталды. Өңірдегі ақша айырбастау пункттерінің көпшілігі дерлік жұмыс істеп тұр. Теңге еркіндікке жіберілді деп дүрлігу, алғашқы күндегідей ұзын-сонар кезек жоқ көрінеді.

 

Аслан ОСПАНОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар