Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қасқырмен алысқан төбет, желмен жарысқан тазы - АРҚА АЖАРЫ

Қасқырмен алысқан төбет, желмен жарысқан тазы

Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған  қазақтың төбет иттерінің І-ші республикалық көрмесі мен байқауы болып өтті. Аталмыш шараны ұйымдастыруға Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен республикалық  аңшылар қоғамдық бірлестігі мен «Қансонар» аңшылық шаруашылығы субъектілері ассоциациясы және Ақмола облысының әкімдігі ұйтқы болды. Көрме мен байқаудың ашылу салтанатына «Қансонар» ассоциациясының басқарма төрағасы Оралбай Әбдікәрімов, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Дулат Нұрмолдин қатысты.

 

Төбеде жатып төңіректі шалып, қотанға қасқыр жолатпайтын, азуы алты қарыс  төбет иттер мен желмен жарысып, түлкі мен қоянды аттатпайтын құмай тазыларды кең даланы ен жайлаған қазақ халқының «жеті қазынаның»  біріне балағандығы белгілі. Кең сахарада жайлаудан күзеуге, күзеуден қыстауға көшіп, төрт түлік өсіру негізгі кәсібі болған көшпелілер өмірінде төбет пен тазының да алар орны ерекше болған.
  Әрине, бүгінде заман өзгерді, салт-дәстүр де басқаша сипат алды. Алайда, мыңдаған жылдар бойы халқымыздың күнделікті тыныс-тіршілігінің ажырамас бөлігі болған аңшылық өнер бүгінде де өз жалғасын тауып келеді. Рас, уақыт өте қайсарлығы мен мықтылығы, өжеттігі мен тұлғасына келгенде иттердің өзге тұқымдарынан біршама биік тұрған төбеттер мен қашқан аңды әп-сәтте алып ұратын құмай тазылардың аңшылар үшін қажеттілігі кеми бастады. Ол өз кезегінде төбет пен тазы тұқымының аза бастап, тегі де, тұқымы да күмәнді «қасқыр алар бірі жоқ, қасқыр түгілі қоян алар түрі жоқ», албардың ішінде үргеннен басқа пайдасы жоқ иттердің пайда болуына апарып соқты.
  Абырой болғанда, қансонарда бүркіт ұстап, тазы ертіп, қасқыр алатын төбеттерін өсіріп, ата-бабамыздың аңшылық дәстүрін жалғастырып жүрген саятшы азаматтардың арқасында төбет пен тазының тұқымы мүлдем жоғалып кетуден аман қалды. Ең қуаныштысы, бұл мәселеге мемлекет тарапынан  да қолдау табылды. Оның айғағы ретінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мырзаның қазақтың төбет иттері мен құмай тазыларының арнайы стандартын бекітіп, онда оларға қойылатын негізгі талаптардың айқындалғандығын айтуға болады.
  Биыл алғашқы рет өткізіліп отырған бұл көрмеге республикамыздың барлық облыстарында осы талаптарға сай өткізілген байқаулардың жеңімпаздары қатыстырылды. Республикамыздың барлық облыстары мен Астана қаласынан әкелінген 20 төбет пен 50 тазының бәрі де «сайдың тасындай» іріктелген, тұрпаттары да көңіл тоярдай екен. Мұндайғы тазылар негізінен бір-біріне ұқсайтындай болып көрінсе, төбеттер туралы олай дей алмаймыз. Мәселен, Астана қаласының іргесіндегі Қырқыншы стансадан келген Мейрам Сүлейменовтың «Мойнақ» атты төбеті Ақмола, Ақтөбе, Алматы облыстарында өткен байқауларда жүлде алып, халықаралық байқауларда да алдыңғы саптан көрінген екен.  Салмағы 64 килограмм болатын бұл төбетке таңданып тұрғанымызда,  тайыншадай тағы бір итті көзіміз шалды. Бұл төбетті көргенімізде «жаман иттің атын Бөрібасар қояды» деген сөз бекер айтылған-ау деген ойға қалдық. Себебі, «Жендет» деген ат қойылған бұл төбеттің атына заты сай болып шықты. Иесі Самат Сапарбаевтың айтуынша төбет 87 килограмм тартады екен. Небәрі 1,5 жылдық күшік кезіндегі салмағы осындай болса, енді бір-екі жылда қандай болатындығын пайымдауға болатын шығар. Бұл төбеттің жанында иттердің арасында ең ірісі саналатын «Алабай» тұқымдас  күшік болып көрінсе таңданбайсыз.
   Байқауға әкелінген төбеттер мен тазылардың бәрі де сарапшылардың сынақтарынан өткізіліп, олардың қазақы тұқымдас иттерге сай екендіктері анықталды. Сонымен қатар, арнайы аукцион ұйымдастырылып, асыл тұқымды төбеттер мен тазылардың күшіктері саудаға қойылды.
   Иттер көрмесі мен байқауға Ресейден, Әзірбайжаннан, Қырғызстаннан арнайы келген қонақтар да тайыншадай төбеттер мен бір қырым артық еті жоқ, тек түлкі мен қарсақ, қоян аулауға ғана жаратылғандай тазыларды көріп өз таңданыстарын білдіріп, қызығушылық танытып жатты.
 Міне, осындай байқаулар мен көрмелер жиі ұйымдастырылып, «жеті қазынаның» бірі саналатын төбеттеріміз бен құмай тазыларымызды кеңінен насихаттасақ, қазақтың саятшылық өнері жалпы мәдениетіміздің бір тармағы ретінде әлемге әйгілі болары хақ. Бұл арада әрине, барлық мәселені тек аңшылар мен саятшыларға тіреп қоймай, ғылыми негізде зерттеулер жүргізіп, селекция жайын да ойластыру қажет.  Сонда төбет пен тазы  иттердің әлемге әйгілі басқа тұқымдардан айырмашылығы, қайталанбас ерекшелігі нақтылана түседі.
Талғат ҚАСЕН
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар