Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Күннің ашығы керек - АРҚА АЖАРЫ

Күннің ашығы керек

Ақмолалық диқандар биылғы егін орағына қиын жағдайда кірісті. Өйткені, өңірдің теріскей аудандарында көктемде жауын-шашын болып, дән себу мерзімі кейінге шегерілген болатын. Соның салдарынан егіннің пісуі де кешеуілдеп отыр.

– Дегенмен, жылдың жауапты науқанына диқан қауымы да-йын. Олар мол астық аламыз деп үміттенуде, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Еркеш Әленов. – Жалпы, бізде егіс алқабы 231 мың гектарды құрайды. Оның 57 мың гектарына майлы дақылдар себілген. Егін орағын қыраудан зардап шегетін ылғалды алқаптардан бастадық. Бүгінде 20 мың гектар егінді дес-теге түсіріп, үш мың гектарын бастырдық. Орташа шығымдылық 10 центнерді құрауда. Одан әрі бұл көрсеткіш жоғарылайды. Бүгінгі таңда «Диқан», «Викторовка», «Зеренді-Астық» және өзге де жауапкершілігі шектеулі серіктіктестері егін орағына үлкен қарқынмен кірісті. Мемлекет көмегінің арқасында ауыл шаруашылығы құрылымдарын техника және жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселелері туындамайды. Биылғы жылы бес жаңа қуатты агрегат сатып алдық, – дейді бөлім басшысы.
Бүгінгі таңда 22 ауылдық округтің аумағындағы 250 шаруа қожалығы мен сексенге жуық серіктестік жауапты науқанға кірісті. Көктемгі ауа райының қолайсыздығына қарамастан, шаруашылықтардың арасында өз агрегаттарын алқапқа ертерек шығарғандар баршылық. Мәселен, тәжірибелі агроном Жұмабек Төлебаев басқаратын «Әселжан» серіктестігінің диқандары алғашқылардың бірі болып дәнді дақылдар сіңірді. Шаруашылық 1748 гектар алқапқа бидай, арпа және зығыр септі. «Зеренді-Астық» серіктестігі директорының орынбасары Теміртас Салықовпен бірге Серафимовка бөлімшесінің алқаптарында болдық. Мұнда механизаторлар бұршақты дақылдарды бастырып жүр.
– Ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру аясында бұршақты дақылдың бұл түрін алғаш рет септік. Гектарынан 15-20 центнерден өнім алуды көздеп отырмыз, – дейді Теміртас Салықов. – Өсіру тәжірибесін Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданындағы мамандардан үйрендік. Бұршақты дақылдың бұл түрі үлкен сұранысқа ие. Оны келісім-шарт бойынша Түркияға экспорттаймыз. Сондай-ақ, елімізде де өз тұтынушыларымыз бар. Өнімнің бұл түрі үлкен кіріс әкеледі. Егіс алқабының көлемі 30 мың гектарды құрайды. Егін орағы тұқымды кеш себуге байланысты қиындай түсуде. Дегенмен, біздің 21 шетелдік комбайн, өнімділігі жоғары жатка мен өзге де қажетті техникаларымыз бар. Астықты қабылдауға «Зеренді астық қабылдау кәсіпорны» серіктестігі дайын. Серіктестіктің материалдық-техникалық базасы алтын астықты өте қысқа мерзімде жинап алуға мүмкіндік береді. Енді барлығы ауа райына байланысты. Күздің ашық күндері ұзақ болсын деп тілейміз, – дейді ол.
Серафимовка бөлімшесінің алқабында әр ашық күнді тиімді пайдалануға күш салып жүрген бөлімше басшысы Нұрлан
Отарбаев, агроном Қадыржан Дүйсенбинмен және бригадир Сергей Каргинмен де жолығудың сәті түсті.
– Мен он бес егін орағына қатыстым, – дейді бригадир. Бұған дейін жүргізуші, механизатор болып еңбек еттім. Өткен жылдардың тәжірибесі бойынша егіннің шығымдылығы 18-20 центнерді құрайды деп ойлаймын. Біз үшін қазір ең керегі ашық ауа райы. Иә, зеренділік диқандар биыл да мол астықтан үмітті екендіктеріне егін алқаптарындағы осы бір қауырт қимыл айқын көз жеткізе түскендей.
Т.ШЫҢҒЫСОВ.
Зеренді ауданы.
Суреттерде: егін ору сәті; аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Жанболат Нұрабаев, «Зеренді-Астық» серіктестігі директорының орынбасары Теміртас Салықов және бөлімше агрономы Қадыржан Дүйсенбин алқап басында.
Суреттерді түсірген
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар