Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
34 баласы бар отбасы - АРҚА АЖАРЫ

34 баласы бар отбасы

Ол қырқынан шықпай жатып анасы қатты науқастанып қалады. Жеті қат жердің астындағы шахтада жұмыс істейтін әкесі де ауру еді. Әйелі жоқ үйде береке болсын ба? Тұрмыстары да нашар. Үстіндегі жыртық-жамау киіміне қарап, «ой, мынау Құрмаштың баласы ғой» дейтін жұрт, жағдайларынан жақсы хабардар кейіппен.

Бертін келіншегі  Жаңылғанның да үсті-басы асып кете қойған жоқ. Содан тағдырдың жазуымен бас қосқан екеуі «біздің көргенімізді балалар көрмесін, талпынайық, талаптанайық» деп серттесті. Кейін өздеріне берген осы уәделерін орындады да. Бүгінде бұл  шаңырақ тоғыз ұлттың 34 баласын бауырына басып отыр.
Еңбекшілдер ауданына қарасты Аңғал батыр ауы-лында дүниеге келген Серік Әкімбаев  Амангелді орта мектебін, кейін Көкшетау автомеханикалық техникумын бітіріп шықты. Диплом алған сәттен Кеңес Одағы ыдырағанға дейін Макинск қаласындағы автобазада қызмет етті. Кейін жұмыс барысында өндірістік жарақат алып, зағип болып қалды. «Басқа салса, баспақшыл» деген ғой. Бірақ, тағдырға мойынсұнғысы келген жоқ. Күресті, ем іздеп сабылды. Бармаған жері, баспаған тауы қалмады. Дегенмен, маңдайға осыны жазса, не шара? Жанары қайта дұрыс қалпына келмей, мүгедектік алды. Дегенмен, өмір бойы тынымсыз еңбек еткен жанды бұл да тоқтата алған жоқ. Аудандағы зағиптар қоғамының төрағасы, осы қоғамдағы корпоративтік қордың президенті болды. Қазір 21 мыңнан астам мүшесі бар облыстық мүмкіндігі шектеулі азаматтардың  ерікті қоғамының төрағасы. Осыншама ауыр тағдыр, қоғамдық жұмыс өз алдына,  Серік ағаның азаматтығы да бөлек әңгіме. Жұрт бір-екі баласын бағуды қиынсынып жатқанда, бірден 34 баланы қамқорлығына алу тек жүректінің ғана қолынан келер батыл әрекет. Әрине, оның үйіне бірден топ етіп, осыншама бала келе қалған жоқ.  Алдымен, өз ойын «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызына жеткізіп, басында бір-екі баланы алып көрді. Олардың киімінің бүтіндігі, оқу үлгерімі мен тамағының тоқтығы, тұрғылықты жерлері жіті  тиісті орындар тарапынан бақылауда ұсталды. Кейін бұл отбасының бала құқығын бұзбайтындықтарына көз жеткізгеннен кейін ғана  олар өз қалауларынша бала асырауға рұқсат берді.
Содан жетімдер үйінен, бөбекжайдан балалар ала бастады. Үкімет мұндайда қамқоршы және патронаттарға ғана жәрдемақы төлейді. Ал, ондай санаттағы балалар бұл отбасында санаулы. Себебі, жағдайларына қарай, жан-жақтан жиналған. Берекелі шаңырақта бүгінде тоғыз ұлттың баласы тәрбиеленіп жатыр. Олардың барлығы да қазақ мектептеріне барып, жанұяда қазақи тәрбие алуда. Ұлдар сүндетке отырғызылады. Отбасын құруға бет алғандары алдымен некелерін қиғызады.  Қыздар қазақтың салтымен ұзатылады. Балалар үйіндегілер кәмелеттік жасқа толғанға дейін ғана мемлекеттің қамқорлығында болса, мұндағылар оқу бітіргеннен кейін де өз алдына үйлі-күйлі болып кетпейінше, осы отбасында тұра береді. Серік аға өз балаларын қашанда мақтан етіп жүреді. Бұл жанұяда қазақ күресінен спорт шеберлігіне кандидаттар мен басқа да түрлі байқаулар мен сайыстардың жеңімпаздары бар. Өзінен тараған балалардың да саны бесеу болғанымен, ол ешқашан ешқайсысын туған, тумаған деп бөлген емес.
Осынша бала-шағаны асырап отырған оның тігін цехы. Әзірге тендерлерге қатысып, тапсырыстар алуда. Одан түскен қаражат ортақ қажеттілікке жұмсалады.  Қайсар әке өз қиыншылықтарын жасыруға тырысқанымен, біраз мәселеде көмек-қолдаудың керек екені  байқалуда.  Көпбалалы отбасы қазір мемлекет меншігіндегі жөндеуді қажет ететін екі қабатты үйде тұрып жатыр.  Серік Құрмашұлы егер үй өз аттарына өтсе, демеуші тауып, көптеп-көмектеп, жөндеп алуға  болатынын айтып отыр. Коммуналдық қызмет ақысын  төлеу мерзімі де сәл ұзап кетсе, тиісті орындардан проблемалар туындап жатады. Яғни, түсіністік жетісе бермейді. Мұндай үлкен отбасына бір көлік те керек-ақ. Себебі, балалар білім алатын мектептер қаланың әр тұсында орналасқан.
Бүгінде бұл жанұяда   мектеп жасындағы 15 бала бар. Алпыстан асқан ағамыз өмірлік жарымен ғұмырлары  жеткенше соларды азамат етіп, өз қолдарын өз ауыздарына жеткізіп кеткілері келеді.
–Мен қолыма алған әр баланың бұрын көрген қиыншылықтарын ұмытып, жаңа өмірін ақ парақтан  бастағанын қалаймын, – дейтіні де содан болуы керек.  Ол балаларын да осылай тәрбиелейді. Соны құлақтарына құйып алған екі қызы бір күні ауруханада емделіп жатқан жерлерінен үйге  қашып келіпті. «Біз анда жағдайы ауыр үш баланы көрдік. Соларды осында әкелейікші» дейді қояр да қоймай. Бұл үй  оған қуанбаса, ренжімейді. Ата-ана ұрпағының осылай айналасына жанашыр болып өсіп келе жатқандығы үшін жаратқанға шүкіршілік етеді.
Бұл отбасында кездесер қызықтар да аз емес. Қанша бала болса, сонша мінез, сонша болмыс. Бәрін ақша шешетін бүгінгідей нарық заманында осындай пейілі даладай жандарды көріп, таң қаласың. Соларға қарап жер бетінде жақсылықтың, ізгілік пен мейірімділіктің барына, бола да беретініне шүбәсіз сенгің келеді. Ендеше,  көпбалалы, берекелі шаңырақ иелері – Серік ағамыз бен Жаңылған апайымыздың да осы балалары  өздеріндей ақжүрек, кеңпейіл, адал болып өсе бергей демекпіз.
Перизат ӘБІЛҚАСЫМҚЫЗЫ.
Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар