Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елдік пен бірлік тойы - АРҚА АЖАРЫ

Елдік пен бірлік тойы

Қазақ хандығының 550 жылдығы айтулы мереке. Әр мемлекеттің тарихында алтын әріппен жазылған оқиғалар болады. 

Соларды ұмытпау арқылы  егемендік пен елдікті, татулық пен бірлікті, отансүйгіштік пен патриотизмді насихаттаймыз. Бұл тарихи той әсіресе, жастарымызға қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандардың  кім екенін білгізіп, еліміздің әріден келе жатқан тарихын жете сезіндіре түсетіні анық. Оның үстіне өзім де қатысу бақытына ие болған Астанадағы салтанатты жиналыста Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев:
– Бізге бабалар тұлпарының тұяғымен жазылған ата тарихының әр парағы ерекше қымбат. Қазақтардың бүгінгі және болашақ буыны оны әрдайым орынды мақтан ететін болады, – деп атап көрсетті. Бұл да біздің қазақ халқына деген құрметімізді арттыра түседі.
Енді осы ұлы тойдан ұлағатты тағылым алуы-мыз қажет. Біздің бүгінгі ұранымыз, ұлттық идеямыз – Мәңгілік ел! Мемлекет басшысы халқымызды осы  идея төңірегінде топтасуға шақырды. Халық Ұлт Көшбасшысын қолдап, осы асыл мұратымызбен жігерлене түсті. Содан да болар, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстарының жіті жүргізіліп, осыған тиісті орындардың жоғары жауапкершілікпен қарағаны көрініп тұр. Осындайда халқымыздың мақсат-мүддесі бір арнаға тоғысып, әркім ортақ іске өз үлесін қоса білгені ғанибет.
Қазақстан –  сан ұлт өкілдерінің өз бақытын  тапқан алтын бесігі. Cондықтан, мен бұл тойды қуана құптап, ел рухын  көтеруде,   бойымызда отаншылдық сезімін қалыптастыруда игі бір іс болды деп есептеймін.
Герихан ЯНДИЕВ,
облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамы» қоғамдық
бірлестігінің төрағасы.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар