Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Калачиден ешкім күштеп көшірілмейді - АРҚА АЖАРЫ

Калачиден ешкім күштеп көшірілмейді

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Ақмола филиалында  облыс әкімінің  орынбасары Нұрлан Нұркенов пен облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова өткізген брифингте «ұйқы» ауруы орын алған Калачи елді мекенінде қалыптасқан қазіргі жағдай  сөз болды.  

Бұл  елді мекенде бүгінгі таңда 140 отбасы тұрып жатыр. Соңғы  екі жылда аталған ауру синдромы 133 адамда байқалып, кейбірінде белгісіз дерттің қайталануы тіркелген болатын. Сырқат себептерін анықтауға байланысты зерттеулер әлі күнге дейін жүргізілуде. Қазір бұл елді мекен болашағы жоқ ауылдар санатына еніп отыр. Мұнда  тұрып жатқан халықтың 15 пайызының тіркеуде жоғы, тағы 30 пайызында үйіне, не жеке басына құжаттарының түгел еместігі анықталды.
Бүгінгі таңда 70 отбасы облыстың басқа өңірлеріне көшірілді. Қоныс аударуға кететін шығындарды жергілікті билік толықтай өз мойнына алды. Тұрғындар жаңа жерде үй-жаймен қамтылып, жұмысқа орналастырылды. Кейбірі баспаналарын 3-5 жыл жұмыс істегеннен кейін аттарына аударып алатын болса, енді біріне шаруа қожалықтары бірден үй, мал берді. Малдың төлі сол жанұяның өзінде қалады.
– Мен тағы да Калачи тұрғындарына, әсіресе, балалары бар отбасыларға мынаны айтқым келеді.  Бәрімізді ұрпағымыздың келешегі алаңдатуы тиіс. Біз аталған елді мекенде алдағы уақытта қандай жағдайдың орын алатынын білмейміз. Сондықтан да, балаларыңыздың денсаулығы үшін басқа жерге қоныс аударған жөн. Осы орайда, сіздер серіктестіктер білдіріп жатқан ұсыныстарды жан-жақты саралайды деген ойдамын, – деді Нұрлан Нұркенов  калачиліктерге қарата айтқан сөзінде.
Бір атап өтерлігі, ауыл тұрғындарының саны қанша азайғанымен, мұндағы әлеуметтік нысандар өз жұмысын тоқтатпайды. Фельдшерлік-амбулаторлық пунктте білікті дәрігерлер халықтың денсаулығын қадағалап отыр. Қажет болған жағдайда облысымыздың басқа аймақтарынан дәрігерлер кезекшілікпен барып тұрады.
Калачиге қатысты тағы бір түйткілді мәселе – мектеп жайы. «Бастауыш мектеп етіп, кейін оны да жауып тастайды екен, балалар далада қалады» деп даурыққандар аз емес. Брифингте сөз алған облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова бұл қаңқу сөздерді жоққа шығарды. Ауылдағы негізгі мектеп бұрынғы тәртіпте жұмыс істеуде. Онда 42 оқушы білім алып жатыр. Тағы бірнеше бала Есілдегі мектеп-интернатта оқуда. Үш бала Ресейдегі, Қостанай мен Көкшетау қалаларындағы колледждерде білім алып  жатыр.
Жоғарыда аталған аурудың соңғы белгілері сәуір айында байқалғанымен, ауыл тұрғындарының қауіпсіздіктері үшін оларды қалайда көшіру керек. Бірақ, бұған ешкім күштеп, көндіріп жатқан жоқ. Есіл, Державинск қалаларында салынып жатқан көпқабатты үйлердің құрылысы аяқталғаннан кейін қалған жанұяларды сонда қоныстандыру көзделуде.  Облыс әкімінің орынбасары калачиліктердің мәселесін шешуде биліктің барлық қажетті шараларды қолданатынын айта келе, журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

 

Перизат БӨЛЕКОВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар