Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Айдын Айымбетов жерге аман-есен қонды - АРҚА АЖАРЫ

Айдын Айымбетов жерге аман-есен қонды

12 қыркүйек, сенбі күні «Союз ТМА-16М» ғарыш кемесі Жерге аман-есен оралды. Құрамында Геннадий Падалка, Айдын Айымбетов және Андреас Могенсен бар экипаж Астана уақытымен таңғы сағат 6:52-де Қарағанды облысының аумағына келіп қонды.
Орбитадан түсу және Жерге қону операцияларының барлығы сәтті аяқталды. Қазір экипаж мүшелерінің жағдайы жақсы.
Айта кетейік, 2 қыркүйек күні «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшқан «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 4 қыркүйек күні қосылды. Ол станция бортына ресейлік Сергей
Волковты, қазақ Айдын Айымбетовты және даниялық Андреас Могенсенды жеткізген еді.
«Союздің» қонуын қамтамасыз ету жөніндегі іздеу-құтқару қызметіне 200-ге жуық әскери қызметкер, бортында арнайы жабдықтары бар 14 Ми-8 тікұшақтары, төрт Ан-12 және Ан-26 ұшақтары және 15 бірлік техника, сондай-ақ, төрт жол талғамайтын іздестіру-көшіру машиналары қатыстырылды.

 

 

 

Елбасы «Союз ТМА-16М» экипажының мүшелерімен – кеме командирі Геннадий Падалка, бортинженерлер Андреас Могенсен және Айдын Айымбетовпен кездесті.

 

Кездесу барысында Мемлекет басшысы экипаж мүшелерін аман-есен оралуымен және Халықаралық ғарыш стансасындағы маңызды миссияларының аяқталуымен құттықтады.
– Біз ұшу барысын бақылап, әрқайсыңыз үшін алаңдап отырдық. Әрине, қазақстандықтар ел тарихындағы үшінші ғарышкер болған Айдын Айымбетовтың тілеуін тіледі. Оның әлемдегі алғашқы және ірі ғарыш айлағы – Байқоңыр құрылысының басталғанына 60 жыл толғанда ғарышқа ұшуы да айшықты оқиға, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті нақ осы Байқоңырдан алғаш рет ғарышқа адам ұшқанын, содан бері Қазақстанның жерінен тартылыс күшін еңсеріп ұшқандардың бәрін отандастарымыз жақын дос ретінде қарсы алатынын атап өтті.
Экипаж мүшелері  Г.Падалка және А.Могенсен миссияларының жемісті аяқталғанын айта келіп, бүкіл Қазақстан халқын айшықты оқиғамен құттықтады.
А.Айымбетов еліміздің атынан Халықаралық ғарыш стансасында өкілдік ету мәртебесін сеніп тапсырғаны үшін Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына алғыс айтты.
БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде әлемдегі 200-ден аса мемлекеттің тек санаулысы ғана азаматын ғарышқа аттандыра алатынын айта келе, Қазақстанның ғарыш саласы табысты дамып келе жатқанын атап өтті.  
– Роскосмос пен Ресей Федерациясы басшылығының қолдауымен біз ғарышкерлер даярлауды жүзеге асырамыз. Бүгінде Қазақстанның жер серіктері маңызды коммуникациялық және ғылыми-зерттеу қызметтерін атқаруда. Полковник Айымбетов сапар барысында өзіне жүктелген барлық міндетті орындады. Осы мақсатқа бөлінген қаражат ұзақмерзімді келешекте өзін ақтайды және іс жүзінде зор пайда әкелетін болады, – деді Қазақстан Президенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар