Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Ақмола бидай» іске қосылды - АРҚА АЖАРЫ

«Ақмола бидай» іске қосылды

Бұл күні құны 1 миллиард теңгеден астам дәнді және майлы дақылдарды сақтап, қайта өңдейтін жаңа кәсіпорын да іске қосылды.
Салтанатты шараға қатысқан өңір басшысы Сергей Кулагин ұжым мүшелерін осынау қуаныштарымен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

«Ақмола бидай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құны 1,3 миллиард теңгені құрайтын диірмен кешенінің құрылысын өткен жылы қолға алған болатын. Кәсіпорынның қуаты жылына
57 мың тонна ұн шығаруға жетеді. Сондай-ақ, мұнда бидаймен бірге майлы дақылдарды сақтап, қайта өңдеуге болады. Кәсіпорынның іске қосылуы 100-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп отыр.
–Аграрлық облыс үшін дәнді және майлы дақылдарды сақтап, қайта өңдейтін кәсіпорынның іске қосылуы маңызды шара. Бұл кәсіпорын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосып, аграрлық саланың өрге басуына зор септігін тигізеді деп сенемін, – деді құттықтау сөзінде облыс әкімі.
Серіктестік директоры Наджибулл Абдул Халилдің айтуынша, жобаның 900 миллионы кәсіпорынның өз есебінен салынса, қалған 400 миллионы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы несиеге алынды. Диірмен кешені Ресей және Түркия елінің осы заманғы қондырғыларымен жабдықталған.
– Бір мезгілде бидай және майлы дақылдарды қабылдайтын желі орнатылған. Элеватор сыйымдылығы 30 мың тонна, диірменнің қуаты тәулігіне 200 тонна ұн тартуға мүмкіндік бермек. Ал, жылдық қуаты 57 мың тонна. Алдағы уақытта майлы дақылдарды қайта өңдеу және құс шаруашылығын дамыту үшін құрама жем өндіруді дұрыс жолға қою да жоспарымызда бар, – дейді серіктестік директоры кәсіпорын жұмысымен таныстыру барысында.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар