Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ата жолына адал теміржолшы әулеті - АРҚА АЖАРЫ

Ата жолына адал теміржолшы әулеті

Өткен бейсенбі күні облыс әкімі Сергей Кулагин теміржолшы мамандығын атадан балаға мирас етіп келе жатқан көкшетаулық Сүлейменовтер әулетін Отбасы күні мерекесімен құттықтап, сый-сияпат жасады. «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» дейді дана халқымыз. Әулеттің ізгілікті жолын жалғастырған ұрпақ – ең мерейлі ұрпақ. Бүгінгі күні үлгі тұтар отбасылар арамызда баршылық. Келешек жастарымызға өнеге көрсетіп, бақытты өмір кешіп жатқан отбасыларға құрмет көрсету қашанда парыз. Осы орайда, облыс әкімінің өзі осындай құрметке лайық әулеттерді мекен-жайы бо-йынша Отбасы күні  мерекесімен  құттықтап, сый-сияпат жасаудың орны бөлек. Бұған кез-келген үлгілі отбасы лайықты.
Соның бірі – жалпы 632 жыл еңбек өтілі бар көкшетаулық теміржолшылар әулеті Сүлейменовтер отбасы дер едік. Бұл отбасы мүшелері үш ұрпақ бойы атадан балаға теміржолшы мамандығын мирас етіп келе жатыр. Теміржолшылар әулетінің негізін қалаған әкесі Уайс Сүлейменов Ұлы Отан соғысының ардагері. Отағасы энергиямен жабдықтау дистанциясында алғаш еңбек жолын бастады. Еңбек өтілі 27 жылды құрады. Зайыбы Сапия екеуінен сегіз бала, олардан немере және шөберелер тарап отыр.
Алайда, осы күні қос қария өмірден өтсе де теміржол саласындағы жауапкершілігі мол қызметті бүгінде олардың ұл-қыздары жалғастырып келеді. Әке жолын қуған ұлдары Серік Уайсұлы 1970 жылы еңбек жолын теміржол саласынан бастап, осы күні Көкшетау теміржол вокзалының басшысы қызметін абыроймен атқаруда. 47 жыл бойы тапжылмастан  саланың ыстық-суығына төзіп, еңбек етіп келеді. Ал, оның ұлы Құдайберген Серікұлы «Вокзал-сервис» акционерлік қоғамында қызмет істейді.
Теміржолшылар әулетінде болған облыс әкімі Сергей Кулагин Сүлейменовтер отбасына теледидар мен азық-түлікке толы себетті сыйға тапсыра келе, еңбек әулетін ұлықтаудың, қарапайым еңбек адамын құрметтеудің маңызына тоқталды. Жастарға үлгі болып отырған еңбекші отбасына жылы лебізін білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар