Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бәсекелестік керек - АРҚА АЖАРЫ

Бәсекелестік керек

Еліміз жаңа экономикалық саясатқа көшіп, Мемлекет басшысы осыған орай, Үкімет мүшелерімен және еліміздегі негізгі экспорттаушы компаниялардың басшыларымен кеңес өткізгені белгілі.

Онда Елбасы «бүгінгі таңда бізде бұдан басқа балама болған жоқ. Біз барлық бағдарламаларымызды басқаша жоспарлағанымызды білесіздер. Алайда, дағдарыс әрқашан өз түзетуін енгізеді. Дегенмен, біз жағдайдың бұлайша өрбуіне де дайындалдық. Индустриялық-инновациялық бағдарлама және өңдеуші өнеркәсіпті кеңейту, Ұлттық қор құру – осының бәрі осындай ахуалға күні бұрын жасалған дайындық», – деп атап өткен еді. Осы жиынға мен де қатысқан едім. Расында да, мұндай жағдайға мәжбүрліктен барып отырғанымызды айту керек. Өйткені, әлемдік экономикалық дағдарыс қанша бағынбаймын десең де өз дегенін жасайды. Дегенмен «таяқтың екі ұшы бар» демекші, мұндай тәуекелдің де берері мол болады. Мәселен, инфляциялық таргеттеу – ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Оған еш күмән жоқ. Бұл дүниежүзі бойынша дәлелденіп отыр. Соңғы жылдары «Агробизнес-2020» бағдарламасының арқасында негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі едәуір артты. Олар – ет, жұмыртқа, құс еті және сүт өнімдері. Олардың үлес салмағы бүгінде басқа ауыл шаруашылығы өнімдері арасында деңгейіне  қарай 12-25 пайызды құрайды. Біз бұл үшін өте ризамыз.
Алайда, кейбір кем тұстары да бар. Оған келетін болсақ, бүгінде мал шаруашылығы саласында өнімнің көлемі артқанымен қоса, бағасы арзандап кетті. Мәселен, шикі сүттің литрі 115 теңгеден 45 теңгеге дейін түсті. Қазір 45 теңге мен 65 теңгенің арасында. Өйткені, шет елдерден арзан, табиғи емес ұнтақ сүт көптеп жеткізіледі.
Бұл жағдайды шешудің екі жолы бар. Бірі – мемлекет тарапынан көмек қаржыға иек арту, яғни, оның көлемін арттыру немесе валюта бағамын теңестіру. Міне, енді осы жаңа инфляциялық таргеттеу тәртібі – ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады және жағдайды отандық тауар өндірушілердің пайдасына шешуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Қазір біздің елде де сүтті сүт, құрғақ сүтті құрғақ сүт деп ажырататын болды. Бұл да біз үшін жағымды жаңалық.
Ал, жалпы, бүгінгі жағдайға келетін болсақ, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері бұдан да зор дағдарыстардан аман шыққан. Сол себепті, бүгінгі жағдайды аса бір қорқыныш деп айтудан аулақ болғанымыз абзал.
Иван САУЭР,
«Родина» Агрофирмасы» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің бас директоры,
Қазақстанның Еңбек Ері.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар