Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Биылғы беталысымыз қалай? - АРҚА АЖАРЫ

Биылғы беталысымыз қалай?

Көкшетау қаласының Абай көшесінің бойында жаңадан ашылған бизнес орталығындағы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген әкімдік отырысында өңірдің 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық  даму қорытындылары туралы» мәселе қаралды. Мәжіліске облыстық басқармалар мен ұйымдардың басшылары, қала және аудан әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбековтің күн тәртібі бойынша жасаған баяндамасында жыл басынан бергі сегіз ай ішіндегі көрсеткіштер сараланып, жетістіктер мен кемшіліктер салыстыра айтылып өтті. Шешен өз сөзінде 109 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылудың арқасында нақты сектордың көлемі ұлғайып, құрылыс монтаждау жұмысының көлемі 10 пайызға артқандығын атап өтті. Сондай-ақ, экономиканың базалық салаларында қалыпты қарқын бар. Сол қарқын облыс тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық деңгейін жақсартуға себеп болып отыр. Орташа айлық көрсеткіш 6,4 пайызға өсті. Қазір облыс бойынша ол 86,3 мың теңгені құрайды. Облыс тұрғындарының банкке депозит салу көлемі де аздап ұлғайған. Тұрғындардың сатып алу қабілеті де артып келеді. Ең бастысы, 8700 жаңа жұмыс орны ашылып, жұмыссыздар қатары 4,9 пайызға қысқарды. Әйтсе де, алдағы уақытта осы қарқынды үдетіп, жыл соңына дейін іске қосылмай жатқан резервтер көзін тауып, жұмысты ширатқан жөн.
Бүгінгі таңдағы ең маңызды мәселенің бірі – егін орағын уақытында өткізіп, ырыздықты шашау шығармай жинап алу. Қазір гектар берекесі 9,3 центнерден айналуда. Әзірге 1,8 миллион тонна астық жиналды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы аудан әкімдерімен бірлесе отырып, егін орағын уақытында аяқтап, биылғы жылы 4,2 миллион тонна астықты қамбаға құюлары қажет. Оның үстіне аудандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарының алған несиелерін уақытылы қайтарғандары ләзім. Бүгінге дейін облыстағы астық егетін ең ірі бес аудан егін орағын орталап қалды.
Мал басы мен құс саны көбейіп келеді. Есіл және Шортанды аудандарында әрқайсысы 1500 бас ірі қара бордақылайтын алаңдар пайдалануға берілді. Ілкімді істерді жүзеге асырудың арқасында сүт және жұмыртқа өндірудің көлемі артып отыр. Саладағы ең түйінді мәселе, өңдеу кәсіпорындарының жүйесін дамыту. Қазір аймақта өңдеу кәсіпорындарының иығына артылар жүктің салмағы ауыр. Ауыл шаруашылығы басқармасы аудан әкімдері және шаруашылық басшыларымен бірлесе отырып, оңтайлы жол іздегендері ләзім.
Өндіріс көлемі 190,6 миллиард теңгені құрап, өндірілген тауар көлемі 102,6 пайызға өскенімен, есепті кезеңде 10 ауданда жекелеген өнім түрлерінің азаюы орын алып отыр. Оның өзіндік себептері де жоқ емес. Айталық, подшипник өндірісі көлемінің  58 пайызға азаюы «Ресей темір жолы» акционерлік қоғамы тарапынан тапсырыстың болмауынан. Шағын және орта бизнесте де әлемдік экономиканың дамуымен орайластырылған мәселелер баршылық. Әйткенмен, біздің өңірде дамудың негізгі көрсеткіштері біршама толымды. Банктер шағын кәсіпкерлікті дамытуға 29 миллиард теңге бөліп отыр. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 26 пайызға көп. Ауыл шаруашылығына қолдау көрсететін қаржы қоры 277 кәсіпкерге 895 миллион теңге несие берсе, шағын несиелік ұйымдар 554,9 миллион теңгені құрайтын 73 несие берді. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аймақтық үйлестіру кеңесі жалпы көлемі 7,5 миллиард теңгені құрайтын 93 жобаны мақұлдады. Әлеуметтік салада да еңбек рыногының тұрақтылығы байқалады. Өткен сегіз ай ішінде 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды, оның 4,5 мыңы тұрақты жұмыс орындары. Облыстағы кәсіпорындарда жұмыс орнын сақтау туралы жүздеген меморандумдарға қол қойылды.
Елімізде жаңа оқу жылы басталды. Алғашқы күннен бастап білім сапасына жеткілікті назар аударылуға тиісті. Шағын кешенді мектептердің жұмысын ойластырып, мемлекеттік нормативке сәйкестендіру қажет. Жаз бойы ондаған білім ошақтарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Денсаулық сақтау саласында да қыруар жұмыс атқарылды. Дегенмен, ана мен баланың өмірін сақтау, денсаулығын нығайту мәселелеріне әлі де жіті көңіл аударуымыз қажет.
Баяндамашы өз сөзін қорытындылай келе, тағы да орташа айлықтың жай-жапсары, оның мөлшерін өсіру туралы таратып айтып өтті. Мұнан соң сөз кезегін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлнәр Құлышева алды. Баяндамашы өз сөзінде «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы кеңінен әңгімелеп берді. Баяндамада облыстағы денсаулық сақтау саласы мекемелерінің бүгінгі таңда атқарып жатқан істері егжей-тегжейлі көрсетілді. Бағдарламаны жүзеге асыруға 88,7 миллиард теңге қаржы қарастырылған, оның 40 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен бөлінетін болса, 48,6 миллиард теңгесі облыстық бюджеттен бөлініп отыр. Облыс әкімі бекіткен кешенді шаралар жоспары бойынша 74 кең көлемді шараны өткізу қолға алынған. Есепті кезең ішінде 980 бірлік медициналық құрал-жабдық сатылып алынған. Материалдық-техникалық базаны нығайтудың арқасында денсаулық сақтау саласында ілкімді істер жүзеге асырылуда. Мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде 20 жаңа нысан пайдалануға берілді. Сегіз нысанның құрылыс жұмысы аяқталып, 395 мың теңге қаржы игерілді.
Ақмола облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Алмагүл Қадыралина Астана қаласының айналасында жасыл белдеу құру үшін мемлекеттік қажеттілікке орай, жер телімдерін кері қайтарып алу мәселелері жөнінде хабарлама жасады. Бұл жұмыс Целиноград, Аршалы және Шортанды аудандарында жүзеге асырылуда. Бүгінге дейін осы бағытта біраз шаруалар атқарылды. Өткен төрт жыл ішінде 21162,6 гектар жер кері қайтарылды. Әйтсе де, қолданылып отырған бұл шараны ширата түскен ләзім. Осы жұмысты жүзеге асыру барысында қол байлап отырған кедергілер – жер телімдерінің кепілдікке қойылуы. Жұмысты ширату үшін Целиноград, Аршалы, Шортанды аудандарының әкімдеріне Қазақстан Респуб-ликасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және оның құрылымдарымен бірлескен жұмыс тетігін құрып, нақты іске көшу қажет. Сонда ғана әсем Астананың айналасы бос жатқан жер телімдерінен арылып, жайнаған жасыл баққа айналады.
Әкімдік мәжілісінің соңында облыс әкімі Сергей Кулагин жұмыс барысын қорытындылай келе, алдағы егін орағын ойдағыдай өткізу, қысқы жылу беру мау-сымына дайындық, қазандықтарды отын қорымен қамтамасыз ету, сондай-ақ, жалақы деңгейін көтеру тәрізді өзекті жайларға тоқталды. Аудан әкімдерінен бүгінгі таңдағы маңызды мәселелерді жүзеге асыру үшін өз жұмыстарын ширата түсуін талап етті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар