Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жауапты кезеңге қадам басты - АРҚА АЖАРЫ

Жауапты кезеңге қадам басты

Өткен жұма күні Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Валерий Петров және облыс әкімі аппаратының басшысы Мұратбек Тақамбаев облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңында биыл Көкшетау техникалық институтына оқуға түскен курсанттардың ант қабылдау рәсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Бүгінгі таңда Көкшетау техникалық институты Қазақстандағы өрт қауіпсіздігі саласында білікті мамандар – кадрлық офицерлер даярлайтын бірден-бір арнайы оқу орны десек қателеспейміз. Бұл мекеме қазіргі уақытқа дейін 3,7 мыңнан астам жоғары кәсіби мамандығы бар офицерлерді даярлап шығарды. Олардың бәрі еліміздің түкпір- түкпірінде өрт сөндіру қызметін абыроймен атқаруда. Ал, биылғы оқу жылы аталған білім ордасының қабылдау комиссиясы 177 талапкерді оқуға қабылдаса,  оның 57-сі Ресей және Беларусь елдеріндегі Төтенше жағдай министрлігінің жоғары білім ордаларына оқуға жіберілді. Ал, қалған 120-сы Көкшетау техникалық институтында білім алатын болып отыр.
Тәуелсіз еліміздің болашақ өрт сөндірушілерінен ант қабылдауға арнайы келген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Валерий Петров курсанттарды құттықтап, келешекте еліне адал қызмет атқаратындықтарына сенім білдірді.
–Ант қабылдау – бұл өте маңызды құқықтық және моральдық-саяси оқиға. Бұл өртке қарсы қызметтің мемлекеттік маңызға ие екендігін білдіреді. Құжатта мемлекеттің біздерге қояр талабы айқын көрсетілген. Бұл бізге елімізде өрт қауіпсіздігін сақтауға ең жоғары дәрежеде қасиетті де құрметті жауапкершілік пен міндеттер жүктейді, – дейді курсант Толқын Тұрсынов.
Салтанатты шараның соңы сап түзеген жас өрт сөндірушілердің  әскери шеруіне ұласты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар