Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласындағы Тəуелсіздік алаңында «Денсаулық фестивалі — 2015» акциясы болып өтті.
Шара аясында дəрігерлер тұрғындарға тегін кеңес беріп, тексеруден өткізді. Акция басталысымен-ақ айналасы жарты сағаттың ішінде қалалық емхананың терапевт дəрігері Ермек Əлиев он адамды қабылдап үлгерсе, маммографиялық, флюорографиялық тексерістен өткен азаматтар да көп болды. Оларға дəрігерлік жолдамалар беріліп, ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ, бұл күні Тәуелсіздік алаңына жиналған көпшілік жас спортшылардың өнерлерін тамашаласа, Бұқпа тауының баурайында қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері жүгіруден сайыс ұйымдастырды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.