Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекелеріне орай өткізілген қара жорға биіне облыс орталығының іргесіндегі «Бірлік» мөлтек ауданы, Станционный кенті, Краснояр селосының тұрғындары мен А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ұжымы қатысты. Ұзын-ырғасы мың адамнан асатын бишілер тобы буын биін нәшіне келтіре биледі.
Акция 9 қыркүйек күні бастау алған болатын. 18 қыркүйек күні осы шара шеңберінде өткізілген алапат биге қаладағы мекемелер мен кәсіпорындарда жұмыс істейтін еңбеккерлер қатысуға мүмкіндік алды.