Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жәрмеңкенің жәрдемі - АРҚА АЖАРЫ

Жәрмеңкенің жәрдемі

Өткен сенбі күні Тәуелсіздік алаңы мен  «Алтын ғасыр» сауда үйінің алдында ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесінде Бұланды, Бурабай, Зеренді, Сандықтау аудандарының  ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері мен Көкшетау қаласының өңдеуші кәсіпорындары халыққа  өз өнімдерін ұсынды.

 

Бұл күні жәрмеңкеге халық әдеттегіден көп жиналды. Екі қатарға бірнеше шатыр тігіліп, аталмыш аудандардың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері мен облыс орталығындағы өңдеуші кәсіпорындарының өнімдері сатылды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпанның айтуынша, атаулы кәсіпорындар 80,8 тонна ет және шұжық, 3 тонна балық, 6,2 тонна сүт өнімдерін, 10 тонна ұн, 37 тонна картоп, 33,3 тонна көкөніс, 20 тонна бақша өнімдерін, 10,5 тонна қант, 6 мың литр өсімдік майы, 11,3 мың дана жұмыртқа және өзге де өнімдерді нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен сатты. Мұнда ертемен келген қала тұрғындары ірі қара мал және қой етін 900 теңгеден сатып алып жатты. Сондай-ақ, жәрмеңкеде қазіргі бағадан арзан азық-түлік тағамдарының 60 түрі  саудаға түсті.
Сандықтау ауданындағы Максимовка селолық округінің әкімі Марат Дүйсенбаевтың айтуынша, «Максимовский» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндіретін «Арина» өсімдік майының бір литрі 235 теңгеден саудаланды. Жарты тонна сұйық май тез өтіп кетті. Аталмыш ауданның
Богородка селосында тұратын жеке кәсіпкер Сергей Казанков он жылдан бері ара ұстап, бал өндірумен айналысады. Оның балына да сұраныс көп болды. Көкшетау қаласының іргесіндегі Нефтебаза селосында 500 жылқы ұстайтын «Қымыз-Көкше» серіктестігі өндіретін қымыз да сөреде көп тұрмады.
   Жәрмеңкеде Бурабай ауданының Ұрымқай ауылындағы «Қабықа Агро» серіктестігінің тірі қаздары мен үйректері сатылды. Серіктестік маманы Дамир Шәріповтың айтуынша, биылғы көктемде 15 мың қаз бен үйрек балапаны басып шығарылыпты. Тұтастай алғанда, жәрмеңке елдің көңілінен шықты. Көпшілік сәл де болса арзан азық-түлікке кенеліп,  бір қуанып қалды.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар