Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ана мен бала мұңаймасын - АРҚА АЖАРЫ

Ана мен бала мұңаймасын

Облыс орталығындағы №1 қалалық емханада ана мен баланы қорғау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел болып өтті.

Қазіргі таңда ана мен баланы қорғау әлеуметтік саясаттың аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Сол себепті, осы бағытта  дәрігерлер ғана емес барлық сала мамандары ерен еңбек атқаруда. Адамзат ұрпағын жалғастырушы ана мен дүниеге енді келген сәбидің денсаулығының  жаппай қоғамды толғандырып отырғандығы жасырын емес.
Күн тәртібінен түспей тұрған осындай өзекті мәселе талқыланған отырысқа дәрігерлер, құқық қорғау органдарының өкілдері, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер жиналды. Мамандардың айтуынша,  бала тууды әрбір ана жоспарлы түрде жүргізіп, жүктілікті дәрігермен ақылдасуы қажет. Әрі белгілі мерзімге дейін жақсы тамақтанып, баланың қалыптасуына кедергі келтіретін зиянды әдеттерден сақтанған жөн. Себебі, ана мен баланың өлім-жітімі ең алдымен, әйелдің денсаулығына байланысты болады. Үстіміздегі жылы облыс бо-йынша қайғылы оқиғалар көрсеткіші көңіл көншітпейді. Мәселен, баланың өлімі мың балаға шаққанда 17,7 пайызды құрап отыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Иманқұлова өз сөзінде ана әрдайым дәрігерлердің кеңестеріне құлақ асып, өз денсаулығына мұқият болуы қажеттігін алға тартты. Ана мен бала өміріне мемлекет те, дәрігерлер де қолдан келер жағдайды жасап жатқанымен, жас аналардың  балаға салғырт қарауы  қайғылы жағдайға әкеп соғуда. Сондай-ақ, баяндамашы кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектердің ана атануы  құқық бұзушылық болып саналатынын назардан тыс қалдырмады. Дәрігерлер мұндай жағдайға тап болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлап, мәселенің мәнісін анықтаулары қажет.
Оған қоса, басқосу барысында өңірімізде ультра дыбыстық зерттеу жүргізетін дәрігерлердің жетіспеуі жиынға қатысқандардың назарына ілінді. Қалалық емхана тарапынан медициналық оқу орындарымен  жас мамандарды тарту бойынша жұмыс жүргізілгенімен  нәтиже жоқ. Осы орайда, мамандар  тарапынан студенттерді іс-тәжірибеден өтуге шақырып, кейін тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету сынды ұсыныстар айтылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар