Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ата жұртта кәдеге асыруда - АРҚА АЖАРЫ

Ата жұртта кәдеге асыруда

Бүгінде көптеген жандардың еңбекке заман ағымына қарай бейімделіп келе жатқаны өз  айналамызда анық аңғарылады. Бірі жеке көлігімен тасымал қызметін ұсынса, келесісі шағын өндіріс орнымен танылуда, енді бірі тігіншілік, тері өңдеу секілді ата кәсіпке ден қойып, ел назарын өзіне аударуда.

Әсіресе, атамекенге оралып, еңбекқорлығымен көпке өнеге болып жүрген оралман ағайындардың қадамы мен талабы құптарлық.
Еркіншілік ауылының тұрғыны Миса Байжігіттің ағаш өңдейтін шағын шеберханасы  ойымызды осылай сабақтауға шынымен себепкер болды. Жалпы, алты түрлі қызмет атқаратын Ресейдің «Тайга» айналмалы электр арасы (циркуляркасы) шпал мен бөренеден тақтай тілуге лайықталған. Оған қоса рейсмус, қашау, сүргі, фрезер, ара, қайрақ ретінде де қолдануға әбден болады.
Кезінде Германияда ағаш технологы мамандығы бойынша құрылыс техникумын тәмамдаған шебердің өз білімін осы өңірде кәдеге жаратуы  құптарлық жайт. Ауылдасымыздың электрмен дәнекерлеу ісіне де ынта-бейімділігі кәсіп жүйесін кеңейтуге септесетін қадам.
«Әке көрген оқ жонар» демекші, қолға алған осы жұмысына баласы Қанат Байжігіттің қызығушылық танытқаны, техника тілін, технология ілімін меңгеруге ынта қойғаны көз сүйсінтеді. Шағын шеберханаға лайықталып, еңбек құралдары орналастырылған бөлмеден дайын бұйымдарды – есік-терезе жақтауын, қабырға сылағын тегістейтін тақтайшаны көзіміз шалды. Тұтынушылардың арнаулы тапсырысымен, құрылысқа лайықты тақтай тіліп, сүргілеп беріп жатыр.
Шикізат, қолайлы баспана табылса әрі қолда  тиісті қаражат болса, бұл  істі әрмен қарай өркендетуге, тапсырыс ауқымын, жұмыс орнын кеңейтуге Миса Байжігіт өзі де ниетті екенін жасырмады. Ал, күнделікті бірлі-жарым өтініштен қолға тиетін тиын-тебен отбасының күнделікті күнкөрісінен, электр желісінің төлемінен, шикізат алдырудан артылмайтынын қынжыла баяндады.
Әйтсе де, келген жанның меселін қайтармауға, қол ұшын беруге тырысатыны, әрдайым елгезектік танытатыны көрініп тұр. «Шебердің қолы ортақ» деген қағиданың мәнісі де осы ұғымға келіп тіреледі. Жергілікті әкімдіктер, тиісті орындар осындай шеберлерге бизнес-жоспар құруға, ойға алған мақсатын іске асыруға қол ұшын берсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Бұған әрине, ауданда осы бағытта қолға алынып жатқан қазіргі белсенді жұмыстар игі ықпалын тигізе түседі деп сенеміз.
 
Нұрлыбек МҰРАТБЕКҰЛЫ.

Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар